Оралда қаражат жетпей жол жөндеу жұмыстары тоқтап тұр

Оралда қаражаттың жетіспеуіне байланысты осы жылы жоспарланған жол жөндеу жұмыстарының 15% -дан кемі аяқталды. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары баспасөз қызметі хабарлады.

Оралда қаражат жетпей жол жөндеу жұмыстары тоқтап тұр
Фото - Informburo.kz

Облыс орталығындағы 50 пайыз жол асфальтсіз қалып отыр. Әсіресе қаланың сыртындағы жағдай тым мүшкіл. Дерқұл ауылындағы ПДП-2 шағын ауданының тұрғындары асфальт төселген жолды бірнеше жыл қатарынан күткендерін айтады.

«Осы жылы шағын ауданда жол жөндеуді бастаймыз деп уәде берген еді. Енді күз келді, жөндеу жасалған жоқ. Балалар мектепке бару үшін шалшықты кешіп өтіп резеңке етік киюге мәжбүр. Жолаушылар автобусы да лай-батпақтан көз ашпайды», - дейді Дерқұл тұрғыны Самиға Айтқұлова.

Қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қыркүйек айының басында жөндеу жұмыстарының жетінші бөлігі ғана аяқталғанын хабарлады. Себебі - бюджет қаражаты кешіктіріліп жатыр.

«Осы жылы біз көше жолдарына 7 млрд теңгеге ауқымды және орта жөндеу жұмыстарын жоспарлаған едік. 3,5 млрд теңгеге жұмысты бастадық. Алайда жыл басынан бері жол жөндеуге тек 750 млн теңге ғана бөлінді. ПДП-2 шағын ауданына 50 көше салу туралы жоспар бар. Жоба 3,5 млрд теңгені құрады. Жұмыстар қаражаттың жоқтығына байланысты жасалмады», - деді Орал қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Айдар Менеев.

Менеев бөлінген қаражатты нысандарға бөлгендерін атап өтті. Бірінші кезекте жол салушылар бұл қаражатқа тротуарларды салған. Ал жүретін жолдың басым көбіне әл асфальт төселмеген.