Ахуалымыз қалай?

Оқисың. Ойланасың. Опынасың. «Қазақстанда қазіргі кезде 16 миллион тонна қатты радиоактивті қал¬дықтар жинақталған. Мамандардың зерттеуі бойынша, Қазақстанда тұратын 2,6 миллион адам мутагенез ауруына шалдыққан» деген бір деректі ұшырастырдым.

Ахуалымыз қалай?

Алмас Шарманов әлеуметтік же­ліде «Лас ауа екіқабат әйелдерге қалай әсер етеді?» деген жазба қал­дырыпты. Ол АҚШ-тың Юта шта­тындағы бір уни­верситеттің зерт­теу мәлімет­терін мы­салға келтіре отырып, үлкен мә­селе көтеріпті. Екіқабат әйелдерге ауаның лас­та­нуы қалай әсер етеді? 2007 және 2015 жыл­дар аралығында 1300 тү­сік таста­ған әйелдердің ахуалын зерт­­теген уни­верситет азот диокси­дінің жоғары мөлшері осындай жағдайға жеткіз­генін анықтаған. Американдық ға­лымдар Иран, Италия, Моңғолия мемлекетте­ріндегі осы тақылеттес зерттеу­лердің нәтижесі бірдей болып шыққанына назар аудартқан. Оның алдында Латын Америкасы, Еуропа және Азия елдерінде жа­салған зерттеу жұмыстары да лас­танған ауаның екі­қабат әйелдерге қолайсыз әсер ететін­дігіне айғақ болған. Қазақстандағы ауа жетісіп тұр ма? 1949-1996 жылдар арлығында Қа­зақстан жерінде 503 ядролық қару сы­налды. 20 миллион гектар жер эко­ло­гиялық апатты аймаққа, тіршіліксіз экожүйелерге айналды. Бұл апат 3,4 миллион адам тұратын елдімекен­дерді қамтыды. Сондағы тұрғын ха­лық­тың бүгінгі және ертеңгі жағдайы қандай болмақ? Уланған ұрпақтың тағдыры не болады? Алматы, Шым­кент, Өс­кемен сияқты қалаларда да ауаның ластану мөлшері өте жоғары. Шығыс Қазақстан өңірінде эколо­гиялық проблемалар жеткілікті. Түсті металлургия, вольфрам, қор­ғасын, мырыш өнеркәсіптері елдімекендер мен қала тұрғында­рына зардабын тигізіп жатыр. Басқа да ірі қалалардағы азот диоксидінің мөлшерін зерттеп отырған мекеме бар ма? Адамға ауа да, су да қажет. Жұт­қан ауаң мен ішкен суың у болса, күңіреніп қайғырғаннан басқа не амал қыласың? Қайда барасың? Каспий теңізінің 268 миллион гектар жағалауы мұнай өнімдерімен ластанып жатыр. Қазақстанның қай аймағына барсаңыз да эколо­гиялық ахуал күрделі. Сарыарқа­ның төскейі де жетісіп тұрған жоқ. Байқоңырдан ұшы­рылатын кос­мос кемелерінің қал­ды­ғы осы аймаққа құлайды. Қызыл­орда облысына төбеден төгіліп жатқан гептилдің санынан жаңылдық. Жер­гілікті тұрғындарға осындай экология­лық апат төніп тұр. Өңірдегі техноген­дік, радиоактивті жағдай қаншалықты қолайлы? Космос қалдықтары мен лас өндірістік ластану топырақтың құнарсыздануына, жайылым­дардың тозуына жеткізді. Аралдың экология­лық жағдайы қандай қасірет? Әму­дария мен Сырдария бассейнінің 2 миллион гектар жерін шөлге, жарам­сыз жерге ай­нал­дырды. Сорға, та­қырға айнал­ған жерлер мен Арал табанын­дағы тұздар ғаламдық эколо­гияға проб­лема тудырды. Арал өңірін­дегі 300 миллион гектар сексеуіл алабы бұл күнде сидиып-сидиып қалған. Шу-Мойынқұм, Балқаш-Алакөл, Ақдала аймақтарының да эко­логиясы мәз емес. Осындай жағдайда дүниеге дені сау перзент әкелу үлкен мәселеге айналып отыр. Қазақ әйелдері ту­майын демейді, қандай қиындыққа да қарамай туғысы келеді. Көк­тем­де ағаш гүлдеп тұрғанда үсік ұр­ған­дай, әйелдер түсік тастап жатыр…Не дейсіз, бұған?..