«Ғылыми тұрғыдан қарапайым темекі мен электронды темекіні теңеу дұрыс емес»

Ғалымдар адамзат денсаулығына алаңдауда

«Ғылыми тұрғыдан қарапайым темекі мен электронды темекіні теңеу дұрыс емес»

Клайв Бейтс – қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы әлемнің жетекші сарапшыларының бірі. Маман Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі алғашқы шарты болып табылатын Негіздемелік Конвенцияны құру бойынша еңбек еткен. Шылым тарту мәселесінде әлемнің өзгеріс үстінде екенін ескере отырып, Бейтс мырза бұл зиянды әдетті тек жалаң шектеумен ғана жеңуге болмайтынын алғашқылардың бірі болып түсінді. Өз қызметін жүзеге асыру барысында, сарапшы темекінің түтінсіз баламаларына аса назар аударды. 2013 жылы қоғам мүддесін қорғайтын және қауіп-қатері төмен өнімдер туралы жұртшылықтың хабардар болуы деңгейін арттыру бойынша өзінің жеке компаниясын құрып, оны басқара бастады.

Клайв Бейтстпен шағын сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз: 

- Бейтс мырза, түтінсіз баламалы темекі өнімдерінің денсаулыққа қауіп-қатерінің төмен екендігі әлдеқашан өз дәлелін тапты. Ал, темекіні қыздыру жүйесін пайдалану кезінде темекі түтінінде ең зиянды заттар болып табылатын шайыр мен көміртегі тотығы бөлінбейтіні белгілі. Баламалы өнімдерге ауысқысы келетін темекі шегушілердің басқа қандай ақпаратты білуі маңызды? 

- Ең бастысы, олар өздеріне ұнайтын өнімдерді тауып, темекі шегуге оралмау үшін сол өнімдерді тұтынулары қажет. Оның электронды темекі, темекіні қыздыру жүйесі, ауызға салып шайнайтын темекі немесе басқа да түтінсіз никотинді өнім болуы маңызды емес. Адамдардың түрлі таңдауы болады. Мысалы, бір адам зиянды әдеттен толық бас тарту жолында түрлі өнімдерді пайдалануы мүмкін. Ең маңыздысы – өнімнің жану процесінің болмауы, бұл жағдайда өнімнің қауіп-қатерді төмендету потенциалы көбірек болады. Көптеген темекі шегушілердің үйреншікті әрекеттен ажырағысы келмейтіні анық. Ал, темекі қыздыру жүйесін пайдалану кәдімгі темекіні тартуға ұқсас қағидаға негізделген, сондықтан темекі шегушілер үшін еш ыңғайсыздық жоқ. Бәлкім, уақыт өте осындай ерекшелік темекі қыздыру жүйелерін зияны азырақ барлық баламалы өнімдердің арасында ең танымал етуі ғажап емес. 

- Әлем деңгейінде темекі шегу мәселесін шешуде билік басындағылар халықаралық ұйымдармен қаншалықты тығыз қызметтеседі? 

- Көптеген халықаралық заң шығарушы тұлғалар жай темекілермен салыстырғанда, зияны азырақ баламалы өнімдерге көздерін жұма қарайды. Темекі тартудан келетін зиянды білген олар, адамдар шылым шегуді тастау керек деп есептейді. Бірақ, шынайылықтың ауылы алыс, жағдай басқаша, зиянды әдеттен лезде құтылу - қиынның қиыны. Әлемде 1 миллиардтан астам темекі шегуші бар, олардың көбісі алкоголь мен кофеин сияқты никотинді тұтынуды да ұнатады. Қауіп-қатері төмен өнімдердің потенциалынан қоғам денсаулығын сақтау үшін үлкен мүмкіндіктерді көрудің орнына, көптеген белсенділер осындай өнімдерге қастықпен қарап, өз ұстанымдарын ақтау үшін өнімдердің төмен зияндылығы туралы дәлелдемелерді әдейі түзетіп отырады.

- Электронды темекі тұтыну деңгейінің ұлғаюы мен өсіп келе жатқан электронды темекі нарығын ескере отырып, сіздің ойыңызша, әлем елдерінің көпшілігінде нормативтік әдіс-тәсілдер мен мемлекеттік саясат шаралары өзгере ме?

- Менің ойымша, реттеудің әсері туралы маңызды ақпарат беретін қызықты тәжірибелерді көретін боламыз. Мысалы, үш жыл ішінде (2016 жылдың наурыз айынан бастап 2019 жылдың наурыз айына дейін) жапондық темекі шегушілер зияны азырақ өнімдерді пайдалануға өте бастады. Себебі нарықта темекі қыздыру жүйесі болып табылатын IQOS өнімі пайда болды. Жапония үкіметі зияны азырақ өнімдерді жарнамалауға және оларды нарықта ілгерілетуге рұқсат беріп, төменірек салық салды. Ал, ережелері қатаң саналатын Еуропа тәжірибесі аса әсерлі болды деуге ауыз бармайды.

Электронды темекі нарығын асыра сілте реттеу туралы сөз қозғасақ, бұдан былай саясаткерлер жоғарыдағыдай мысалдар жетегінде мәселенің бар себеп-салдарын ескере түсіп, анық қанығын түсіне түседі деп ойлаймын. Реттеушілер өздерінің электронды темекіні пайдалануға деген көзқарасы қатал деп ойлауы мүмкін, бірақ, шын мәнінде, оларға қысым жасау арқылы дәстүрлі темекіні шегуді көтермелеп жатқанын білуі шарт. Бұл жағдайды Дәрігерлердің Патшалық Колледжі – оқу орны тура тұжырымдайды:

«Егерде тым абайлап жасалған әдіс-тәсіл электронды темекілерді тұтынушыларға аса қолжетімді жасамаса, қолайсыз қылып немесе бағасын қымбаттатса, фармакологиялық тұрғыдан тиімділігіне сенімсіз қараса, не болмаса, жаңа және жетілдірілген өнімдердің инновациясына немесе әзірленіміне кедергі жасаса, онда мұндай көзқарас тек зиян келтіруге жол ашады және дәстүрлі темекі шегуді мәңгі етеді».

Темекі тарту және салауатты өмір салтын құру мәселесі қызу талқыланатын елдердегі заң шығарушы тұлғалар мен белсенділер осы ретте мәселеге зер салып, оның байыбына дұрыс баруы керек деп есептеймін.