Тұмаудан сақтаныңыз!

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ЖРВИ және тұмаумен ауырып қалмау үшін не істеу керектігін түсіндірді.

Тұмаудан сақтаныңыз!

«Тұмау жыл сайын көптеген елдерде эпидемиялық таралуға жататын жаһандық инфекция болып саналады. ДДСҰ тұмау жөніндегі сарапшыларының мәліметтері бойынша, әлемде жыл сайын эпидемия кезінде халықтың 5 – 15 пайызы ауырады. Қазақстанда, әлемнің басқа елдеріндегідей тұмау және ЖРВИ денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі. Инфекциялық аурулардың құрылымында тіркелген инфекциялық аурулардың 90 пайызға жуығы осы инфекцияларға келеді»,–делінген орталықтың хабарламасында.

Тұмау мерзімі басталғанға дейінгі жыл сайынғы вакцинация – ең тиімді әдіс. Бұл өз кезегінде аурудың ауыр түрлерін, ауруханаға түсуді, өлім-жітімді төмендетеді, тұмауды жұқтыруды азайтады. Вакцинация қауіпсіз. 

«Вакцинациядан кейін кейбір адамдарда екпе жасаған жерде қызару және ауырсыну, бас ауыруы және бұлшықет ауыруы, азғана дене қызуы, әлсіздік ,жүрек айнуы сияқты жанама әсерлері болуы мүмкін. Бұл әсерлер тез таралады»,– делінген хабарламады.

Сондай-ақ, мамандар алдын алу мақсатында науқас адаммен байланыста болмауға тырысу, науқастардың жанындабетперде кию, инфекция таралмауы үшін қолды сабынмен немесе антибактериалдық құралдармен жуу; жөтелгенде және түшкіргенде мұрынды және ауызды бір реттік орамалды пайдаланып жабу, көп адам жиналған жерлерде болмауға тырысу, бөлмені жиі желдетіп отыру секілді шараларды іске асыруға шақырады.

«Егер Сіз ауырып қалған жағдайда, онда басқа адамдарға жұқтырмау және қауіпті асқынуларды болдырмау мақсатында үйде болыңыз. Өзіңізді мүмкіндік болғанша отбасының басқа мүшелерінен оқшаулаңыз. Аурудың алғашқы белгілерінде дәрігерді шақыртыңыз, бір реттік орамалдарды пайдаланыңыз. Атап айиқанда, дәрумендерге бай сұйықтықтар ішкен жөн»,– дейді орталық мамандары.

Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы егер адам 65 жастан асса, міндетті түрде тұмауға қарсы вакцинация жасаған дұрыс деген ұсыныс жасап отыр. Себебі жас келген сайын иммундық жүйе әлсірейді.

«Тұмауға қарсы мерзімдік вакцинация – жүктілік кезінде ана мен бала үшін жақсы таңдау. Вакцинациялау жүктіліктің барлық кезеңінде қауіпсіз. Егер Сізде созылмалы ауруларыңыз бар болса, вакцинация жасатыңыз»,–дейді мамандар.

Айта кетейік,ДДСҰ күз мезгілінде барлық медицина қызметкерлерінің тұмауға қарсы егілуін ұсынады.