Құрманың пайдасы мен зияны. Диетологтар не дейді?

Диетологтар құрма жемісінің ағзаға пайдасы мен зияны туралы және кімге оны жеуге болмайтыны жайында айтты.

Құрманың пайдасы мен зияны. Диетологтар не дейді?

Ресейлік фитотерапевт, диетолог Анжелика Дювальдың сөзіне сенсек, құрманың құрамында пайдалы дәрумендер өте көп. Әсіресе күз кезінде адам иммунитетін күшейтетін А, С және В дәрумендері молынан кездеседі.

Мамандар құрманы аптасына кемі 2-3 мәрте жеген абзал екенін айтуда. Бастысы, құрманың үсімеген әрі термопакетке оралмаған түрін пайдалану қажет.

Сондай-ақ бұл жемісте темір мен йодтың көп мөлшері кездеседі. Әсіресе анемиямен ауыратындар мен азқазан-ішек құрылысында жарасы бар адамдарға өте пайдалы.

Алайда мамандар бүйрегінде тасы бар, өт жолдарында ақауы бар адамдарға құрманы аз пайдалануға кеңес береді. Себебі құрманың құрамында зәр шығаратын элементтер көп.

Ал нутрициолог Наталья Прохорова қант диабетімен ауыратындарға құрманы күніне 1 данадан артық жеуге болмайтынын ескертеді.