Cирек кездесетін ауруларды анықтады

«Жәрдем» мамандандырылған медициналық пойызы Атырау облысының 9 шалғай бекетінің тұрғындарына тегін медициналық-консультациялық көмек көрсетті.

Cирек кездесетін ауруларды анықтады

Қазіргі уақытта медициналық пойыз Маңғыстау облысының елді мекендері бойынша өз бағдарын жалғастырып келеді, пойыз қызметіне 15 шалғай бекет тұрғындары жүгіне алады. Маңғыстау облысы медициналық пойыздың соңғы аялдамасы болады.

«Жәрдем» консультациялық-диагностикалық пойызының қызметкерлері өңірдің 2614 тұрғынын тексерістен өтті. Оның ішінде, 382 бала. Барлығы Атырау облысында медициналық пойызға 14 214 адам келген. Дәрігерлер барлығы 1 170 ЭКГ, 627 УДЗ (УЗИ), 14 ФГДС, 182 флюорография жасап үлгерген.

Пациенттердің көп бөлігі жүгінген дәрігер мамандардың қатарында: терапевт – 2614 адам, невропотолог – 1570 адам, ЛОР – 1531, офтальмолог – 1319 адам және 1201 адамды қабылдаған стоматолог дәрігер бар.


E23A3650.JPG

Қазақстанның әр аймағында дәрігерлер нақты проблемалық аймақтарды анықтап жатыр, бұл жолы ең көп таралған аурулардың қатарында – созылмалы пиелонефрит, бронхит, артериялық гипертензия, қант диабеті, остеохондроз, аллергиялық ринит, есту қабілетінің төмендеуі, жатырдың түсуі, эрозия, кольпит және бронх демікпесі бар. Балаларда ЖРВИ, ауыр бронхит және отит, аллергиялық дерматит жиі кездеседі.

         Пойыздың жұмыс барысында дәрігерлер шұғыл жағдайлармен де кездесті.

«Бізге келген 2002 жылы туған науқаста менингитке күдік болды, біз шұғыл түрде жедел жәрдем шақырып, науқасты ауруханаға жатқыздық. Сосын егде жастағы ер адам келді, оған созылмалы пиолонефрит диагнозының ауыр түрі қойылып, ол кісі де ауруханаға жатқызылды», – дейді «Жәрдем» медициналық пойызының бас дәрігері Айнұр Егінбаева.

Сирек кездесетін аурулардан дәрігерлер Меньер ауруы, монорхизм, бүйректің коралл тәрізді тасы, терминалды гидронефроз, туа біткен МПС аномалиялары, гидронефроз, сондай-ақ крипторхизм және гипоплазирленген бүйрек ауруларын анықтаған.

Естеріңізге сала кетсек, медициналық бригада құрамында терапевт, педиатр, гинеколог, xирург, ЛОР, кардиолог, невропотолог, офтальмолог, уролог, онколог-маммолог, стоматолог сияқты мамандар жұмыс істейді.

Пациенттер медициналық пойыз мамандарынан тұрақты тексерістен өтіп тұрудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Бүгін дәрігердің қабылдауында болдым. Мұндағы дәрігерлер жоғары білікті, қабылдап, тексерді. «Жәрдем» пойызының дәрігерлеріне ризамын. Біздің ауылдың тұрғындары өте қуынышты. Еңбектеріңіз үшін үлкен рахмет, жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз», – деп өз ойымен бөлісті Ескене бекетінің тұрғыны Р. Төлеменова.


E23A3405.JPG

«Жәрдем» медициналық пойызы «Денсаулық» пойызымен бірге бүгінгі күнге дейін еліміздің 60 000 тұрғынын тексерістен өткізген. «Денсаулық» пойызы қазір Түркістан облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанындағы Әлеуметтік жобалар қорымен бірге, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ат салысуымен жүзеге асып жатыр.