Жеміс шырыны мезгілсіз өлімге әкеледі

Эмори университетінің ғалымдары жаңа сығылған жеміс шырынын көп ішу – денсаулыққа зиянын тигізіп, мезгілсіз өлімге әкелуін айтты. Бұл жайында Journal of the American Medical Association (JAMA) хабарлады.

Жеміс шырыны мезгілсіз өлімге әкеледі

Зерттеушілер 13 400 адамның өмір сүру салтын бақылап, олардың тәтті сусынды қаншалықты жиі ішетінін білді. Алты жыл ішінде ғалымдар әртүрлі себептен мың адамның қаза болғанын, оның ішінде 168 адам жүректің ишемиялық дертінен көз жұмғанын тіркеген. Мамандар күнделікті калориясының 5 проценті тәтті сусындар, оның ішінде жеміс шырыны құрайтын адамдар мен дәл сондай көрсеткіші 10 проценттен асатын адамдар арасындағы өлім-жітімді салыстырған. Соңғы топта біріншісімен салыстырғанда жүректің ишемиялық дертінен көз жұму қаупінің коэффициенті 1,44, ал басқа аурудан – 1,14 болған.
Ғалымдардың мәліметінше, қосымша 360 мл тәтті сусын ішу өлім қаупін 1,24 есе арттырады. Мамандардың сөзіне сүйенсек, жүз пайыз табиғи шырындардың өзі сондай қауіп төндіреді. Олардың айтуынша, жаңа сығылған жеміс шырыны көбінесе қант қосылған сусынға балама ретінде пайдаланылады. Бірақ оны шамадан тыс көп ішудің пайдасынан зияны мол.