Өндірісте жазатайым оқиға артпас үшін...

Қызметкер – бұл кез-келген компаниядағы  маңызды ресурс, ал дені сау қызметкер одан екі есе маңыздырақ.

Өндірісте жазатайым оқиға артпас үшін...

Бүгінгі таңдағы қолданбалы бағалауларға сәйкес, жылына 2 миллион адам кәсіптік аурулардың және өндірістегі жазатайым оқиғалар немесе жарақаттардың нәтижесінен қаза болады. Өлім-жітімсіз жұмыс орындарында болатын 268 миллионға жуық жазатайым оқиғалар орта есеппен бір жағдайға шаққанда үш күнге дейін уақытша еңбекке жарамсыздығына әкеледі. Жыл сайын өндіріспен негізделген аурулардың 160 миллион жаңа жағдайы тіркеледі.

Бұдан бөлек, күйзеліске ұшырау осы күндегі кәсіби қауіптер саласында аурулардың жаһандық ауыртпалығының 8%-ын құрайды. Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бұл деректері жұмыс орындарында ресми тіркелген жарақаттар мен ауру жағдайларын ғана көрсетеді.

28 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған баяндамасында, ХЕҰ күнделікті шамамен 6500 адам кәсіптік аурулар нәтижесінен және мыңнан аса – жұмыс орындарындағы жарақаттар нәтижесінен қаза болатыны жөнінде хабарлаған. ХЕҰ сарапшылары белгілегендей, соңғы жылдары медицина қызметкерлерінің айтуынша, өндірісте психо-әлеуметтік денсаулыққа кері ықпалын тигізетін цифрлау, робототехника және нанотехнологиялар сияқты жаңа технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Олардың адам ағзасына тигізетін зияндылығын төмендету үшін түрлі қорғаныс тетіктерімен жарақтану қажет.

Көптеген жазатайым оқиғалар биіктен құлау, ғимараттың құлауы немесе құрылыстың опырылуы, сондай-ақ құралдар мен материалдардың салдарынан орын алып жатады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша, жыл сайын республиканың 600 мыңнан аса жұмысшылары қосымша демалыс алу, жұмыс күнін қысқарту, қауіпті еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы алу, жұмыс берушінің және сақтандыру компаниясының қаражаттары есебінен сүт, емдік-профилактикалық азық-түлік өнімдерін алу түрінде өтемақыларын алып отырады. Бұл мақсаттарға жұмсалатын жыл сайынғы шығындар сомасы 60 миллиард теңгені құрайды.

Ресми деректерге сәйкес, Қазақстан халқының саны – 18 660 000 адамды құрайды, олардың 50%-ы экономикалық белсенді халық. Қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын жұмысшылардың саны 370 мыңнан аса адамды құрайды, олардың ішінен жоғары деңгейдегі шу мен діріл жағдайында 40,9%-ы; газдалған және шаң-тозаң басқан жұмыс аумағында – 35,1%-ы;  жағымсыз  температуралық режим жағдайында – 18,1%-ы; ауыр физикалық жүктемеде –79,8 мың адам жұмыс жасайды (барлық жұмыс жасайтындардан 4,5%-ы). Кәсіптік аурулары бар 6919 науқас тіркелген. Ресми көрсеткіштер өте төмен, бұл дегеніміз кәсіптік аурулардың нақты көрсеткішінің жасырылғандығын білдіреді. Жұмыс беруші мен жұмысшының жауапкершілігі – бұл еңбек өндірісін 30-40%-ға дейін жоғарылатуға мүмкіндік беретін ұжымның мерзімдік міндетті медициналық тексерулермен 100% қамтылуы деген сөз. Кәсіптік аурулар жұмысшылар өз жұмыс орнында болған кезде ерте бастан анықталуы қажет. Уақытша еңбекке жарамсыз парағында болу орта есеппен 10 күнді құрайды, ал бір жағдайға кететін табысты жоғалту – 26 756 теңгені құрайды! 

Қазіргі уақытта салауатты өмір салтын ұстануға азаматтарды тарту, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың, бұқаралық ақпарат құралдардың күштерін біріктерін тетіктерді қалыптастыру негізінде денсаулықты нығайту, халық санын арттыру және өміршеңдікті ұлғайту үшін жағдайлар құру қоғам үшін басым міндеттер.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы 2012 жылы бастау алған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Саламатты жұмыс орындары» жобасын іске асыруда, алғаш пилоттық жобаны енгізу бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісімді республиканың 11 өңірінен 48 кәсіпорынмен жасасты.

Бұл ретте, салауатты өмір салтының басымдықтарын қалыптастыруға және үгіттеуге, үздік тәжірибе мен әлемдік практикаларды жалпылауға және таратуға ықпал ететін бастамаларды қолдауға басым назар аударылады.

Шетел кәсіпорындары healthcaremanagement немесе кәсіпорында денсаулықты басқару технологиясын бұрыннан қолданып, кәсіпорындағы мәселелерді шешудің маңызды әдістерінің бірі ретінде қарастырады. HR-бөлімдерінің деректері бойынша, бұл технология компанияның шығындарын ықшамдауына байланысты қаржылық ақталған күйде қала тұра, жұмыскерлерді ынталандыруға қабілетті. Нealth management – бұл қызметкерлердің денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған кәсіпорындағы іс-шаралар жүйесі. Қызметкердің денсаулығына күнделікті бақылау жасау функциясына фитнес-консультациялар, қосымша медициналық сақтандыру, корпоративтік психологтарды жұмылдыру, спортзалда шұғылдану, шылым шегумен қарсы күрес бағдарламаларын енгізу, салмақты бақылау, күйзеліспен күресу және т.б. көптеген жағдайларды жатқызуға болады.

Соңғы жылдары қазақстандық компаниялардың тәжірибесінде осындай іспеттес бағдарламаларды және жұмыс жасайтын халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауды енгізу бойынша үрдіс пайда болғанын айта кеткен жөн. Оған мысал ретінде «Еуразиялық Топ» ЖШС қызметін айта кетуге болады.

Еуразиялық Топ кәсіпорындарында Қазақстандағы жұмысшылардың денсаулығын қолдаудың біртұтас тәсілі қолданылады. Мұндай тәсілдің шеңберінде салауатты әдеттерді қалыптастыру жолымен қызметкерлерді бұқаралық спортқа және өмір сапасын жақсартуға тартуға айрықша назар аударылады. Еуразиялық Топ осы жылы алғаш рет Қазақстанды Virgin Pulse Global Challenge жаһандық спорттық акциясында таныстырады. Жыл сайынғы виртуалды 100-күндік марафонның бастамашысы – белгілі британ кәсіпкері және мотиватор Ричард Брэнсон. Акция әлемнің 180-нен аса елінде өткізіледі және 400 000-нан аса адамды біріктіреді. Еуразиялық Топ әлеуметтік жауапты компания ретінде, осы әлемдік челленджді ешқандай адамды шетте қалдырмай қолдауды басты құндылығына айналдырған.

Топта биіктіктегі жұмыстың қауіпсіз өндірісін ұйымдастыру, көлік қауіпсіздігі, мердігерлерді басқару бойынша стандарттар тұрақты жетілдіріліп тұрады, қауіпті өндірістегі қызметкерлер үшін уытсыздандырушы ас беріледі. Сондай-ақ, қауіпті өндірістік нысандардың беріктік деңгейін жоғарылатуға бағытталған жұмыс басталған.      

ERG сонымен қатар өз қалаларында бұқаралық спортты дамытуды, атап айтқанда Ақтөбедегі волейбол клубын, Павлодардағы футбол клубын, Ақтөбе қаласындағы дзюдо және теннис федерацияларын қаржыландыруды қолдайды.

Топ Павлодар және Ақсудағы спорт кешендерінің, Ақсудағы хоккей алаңының, Рудныйдағы скейт-парк және жастар спорт кешенінің, Астанадағы велосипед жолының құрылысына және тағы да басқа көптеген құрылыстарға қаржы жұмсаған. Бұдан бөлек, кәсіпорын теңгерімінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бар, ол жерде қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері спортпен шұғылданады.

Жұмыс орнында денсаулықты нығайту бойынша іс-шаралар тұрғындарға өз денсаулығына бақылау жасауды нығайтуға мүмкіндік беретін ауқымды үдерістің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс екендігін белгілеп өту қажет. Тәжірибеде мұндай бағдарламаларды жүйелі түрде енгізу жұмыс істейтін халықтың денсаулығын нығайтып қана қоймай, ұйымда жағымды әлеуметтік ахуал құруға (жұмысқа қабілетті, уәждемелі және ұйымшыл персонал) және оның қызмет ету тиімділігін арттыруға да ықпалдасатын болады.

Әйгерім Қожахметова