Қайырымдылық концерті өтті

«Өнер орталығында» Ақтөбе қалалық әкімдігінің ұйымдасты­руымен қаланың 150 жылдық мерейтойына арналған «Жүректен жүрекке»  атты қайырымдылық аукцион-концерті өтті. Салтанатты шараға Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов пен Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков  қатысты.

Қайырымдылық концерті өтті

Шараның мақсаты – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көр­сетілген әлеуметтік-патронаттық қолдау жұмысының нәтижелерін қорытындылау.

Кеште өңірдің танымал әншілері мен мәдениет майталмандары өнер көрсетті. Жетім балалардың демеушілеріне қайы­рымдылық концерттен және өткізілген аукционнан түскен қаражат сертифи­каттары мен алғысхаттар табысталды.

Жыл басынан бері облыс көлемінде аталып өткен қайырымдылық іс-шара­ларының ауқымы кең. Қала әкімдігі мен Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті де осын­­дай мұқтаж балаларға қолдау көр­сетуге белсенді түрде атсалысуда. Аймақ басшысының тапсырмасымен қалада жетім және ата-анасының қамқорлы­ғынсыз қалған балаларды қолдау бо­йын­ша кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Концерттік бағдарламадан соң Құ­дай­­берген Жұбанов атындағы 5 білім гран­тын университет ректоры қаладағы 5 мектептің түлегіне тапсырды. Олар жыл бойы уни­вер­ситетте тегін оқуға мүмкіндік алады.

Әбілмансұр ЖАСАН