Жазда қандай жеміс-жидек жеу керек?

Жаз басталды. Енді, қандай жеміс-жидекті жеу керек? Оның қандай пайдасы бар?

Жазда қандай жеміс-жидек жеу керек?

Осы сұраққа жауап іздеуге тырыстық. Күн жылысымен дүкен сөрелері мен базардың іші түрлі жеміске толуда. Бірақ оның қайсысы піскен? Пісті деп алғанның көбі нитратқа, пестицидқа толы болады. Сондықтан әр жемісті өз пісетін уақытында жеген жөн. Оған қоса, әр жеміс адам ағзасының бір бөлігіне пайдасы бар.



1. Қызыл шие – бет терісінің түсін қалыпқа келтіріп, ағзадағы холестеринді түсіріп, иммунитетті көтереді. Түсі қанық болған сайын дәмі де тәтті болады екен.



2.  Құлпынай – адамды қартаюдан ғана емес, қатерлі ісіктен де сақтауға көмектеседі.


3. Итбүлдірген мен мүкжидек – бүйректегі тасты алады екен. Сонымен қатар бойдағы ыстықты түсіріп қана қоймай, жарақаттың тез жазылуына сеп болады. Құрамында С мен В дәруменнің көптігінен негізі бұл жемістерді жөтелге қарсы дәріге, тұнбаға пайдалануда. Сонымен бірге, қан қысымын түсіретін қасиеті бар екен.



4. Қаражидек пен көкжидек – көздің көруін жақсартады. Бұл жидектердің жүрек талмасымен ауратын жандарға пайдасы өте зор. Қан тамырлардың жұмысын жақсартып, иммундық жүйені ретке келтіреді.



5. Таңқурайды жаз кезінде көбірек жеу керек. Ол адам ағзасының қартаюын тоқтатады. Күніне кем дегенде 100-150 грамм таңқурайды жеп тұрған жөн. Оған қоса, бұл жеміс қанның сұйылуына көмегі бар. Негізі осындай әсері бар дәріні ішкеннен гөрі, жемістің пайдасы көбірек. Дәрі секілді бір жерді емдей отырып, екінші жерге зиянын тигізбесі анық.