Компьютерден сақтанудың 7 жолы

Бүгінде ел арасында көзі ауырмайтын жан қалмады.

Компьютерден сақтанудың  7 жолы
Сурет интернеттен алынды

Қазір жанарымыздың көруін нашарлатып жатқан бір ғана теледидар емес. Оның қатарына телефон, компьютер, гаджеттер бар. Шыны керек, олар өміріміздің бір бөлшегіне айналды. 

Статистика бойынша, күнделікті өмірде әрбір адам 6-10 сағатын заманауи технологияларды қараумен өткізеді екен. 

Соның алдын алу үшін  компьютермен жұмыс кезінде мына қағиданы ұстанған жөн.

Біріншіден, монитормен көздің арасындағы қашықтық 40-75 см болуы керек. 

Екіншіден, экран ортасы көз деңгейінен 15-20 см төмен тұруы шарт. 

Үшіншіден, иық еркін, дене бос болуы міндетті.

Төртіншіден, экранның жарығы бөлменің жарығымен сәйкес келуі қажет. 

Бесіншіден, компьютер алдында өткізген әрбір сағаттан соң 5-10 минут демалған жөн. 

Алтыншы, экраннан алшақтап, көз бен дене жаттығуларын жасаған дұрыс. 

Жетіншіден, оптикаларда сатылатын фотохромды көзілдірік тағу керек.