Жұмысшының денсаулығы елдің дамуына тікелей байланысты

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «Саламатты жұмыс орындары» ДДҰ жобасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қолдауымен қаладағы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен мемлекеттік ұйымдардың өкілдері үшін техникалық консультация жүргізді.

Жұмысшының денсаулығы елдің дамуына тікелей байланысты

Іс-шара барысында жобамен таныстыру және оны әрі қарай бірлесіп енгізу мақсатында шетелдік үздік тәжірибелерін ескере отырып, саламатты жұмыс орындарының негізгі қағидаттары айтылды. Қатысып отырғандарға әрі қарай жобаны жұмыс орындарында іске асыру құралдарын қолдануда әдістемелік көмек көрсету ұсынылды.

Қатысушылар жобаға үлкен қызығушылықтарын танытты және қауіпсіз өмір мен еңбек жағдайы үшін жағдай жасау, дене шынықтырумен айналысуға инфрақұрылым құру, жұмыс орнындағы психоәлеуметтік ортаны жақсартуға ықпал ету жолымен жобаны іске асыру маңыздылығын белгілеп өтті.

Қазақстанда жұмыс істеп жүріп өлім-жітімге душар болғандардың 24,5 пайызы қан айналым жүйесінің дұрыс болмауынан орын алған. 12,9 пайызы тыныс алу органдарының ақаулығынан, 11,7 пайызы қатерлі ісікке душар болғандығынан, ал 9,7 пайызы түрлі деңгейдегі жарақат алу арқылы зардап шеккен.

Халық денсаулығын жақсартудың тиімді құралдарының бірі – елдегі салауатты өмір салты қағидаттарына негізделген саламатты жұмыс орындарын құру.

Мұндай жұмыс орындарында дұрыс тамақтану, дене белсенділігін қадағалау, темекі шегу сияқты денсаулықпен байланысты мінез-құлықты жақсартуға бағытталған бағдарламалар ұйымдастырылу керек. Өйткені ересек адамдар күнделікті уақытының көп бөлігін жұмыс орнында өткізеді. Қарбалас жұмыстың барысында көп жағдайда жұмысшы да, басшылық құрам да бұл жәйттерге көңіл аудармайды. Нәтижесінде ауырып ем іздейтіндер көбейіп кетеді. Соңы қайғылы жағдайларға да әкеп соғады.

Алдағы уақытта техникалық консультацияны Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстарында жүргізу жоспарланып отыр.