«Канело» мен Джейкобс жекпе-жегін қашан, қайдан көруге болады?

Бокс кеші Қазақстанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 08:00-де басталады

«Канело» мен Джейкобс жекпе-жегін қашан, қайдан көруге болады?

4 мамыр күні таңертең орта салмақта WBC және WBA (Super) титулының иегері мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен IBF  титулының иесі америкалық Дэниэл Джейкобс жекпе-жекке шығады.

Олардың кездесуі – Лас-Вегастағы T-Mobile аренада болатын бокс кешінің басты жекпе-жегі болмақ. Дегенмен аталған бокс кешін бірде бір қазақстандық телеарналар тікелей эфирде көрсетпейді. АҚШ, Австрия, Германия, Жапония, Канада, Италия, Испания, Бразилия елдерінде бокс кеші DAZN стримингтік сервисі арқылы тараса, Латын Америкасы елдерінде – Space, Мексикада – Azteka TV, Ұлыбританияда – Sky Sports трансляция құқығын иеленген. 

Бокс кеші Қазақстанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 08:00-де басталады.

Сауль «Канело» Альварес пен Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жектің тікелей трансляциясының сілтемелері:

№1 Сілтеме
№2 Сілтеме 
№3 Сілтеме
№4 Сілтеме
№5 Сілтеме
№6 Сілтеме
№7 Сілтеме
№8 Сілтеме

Еске салсақ, осыған дейін қос боксшы салмақ өлшеу рәсімін өткізіп, шара барысында бір-бірімен төбелесіп қала жаздаған еді. Америкалық боксшы бұл кездесудің өзі үшін оңайға түспейтінін түсінетін сияқты. Ол "Канелоға" төрешілердің бүйрегі бұрып кетуі мүмкін екенін мәлімдеген