Садридиннің соққыларына шыдай алмаған боксшы рингке қайта шығудан бас тартты (видео)

Осылайша, қазақ боксшысы кәсіпқой шаршы алаңдағы оныншы жеңісіне қол жеткізді

Садридиннің соққыларына шыдай алмаған боксшы рингке қайта шығудан бас тартты (видео)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) Канаданың Квебек қаласында 31 жастағы мексикалық Джонни Наварретемен (33-16-2, 15 КО) жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.

1 раундтан бастап басымдық танытқан Ахмедов қарсыласына көбірек дәл соққы бағыттады. Ал мексикалықтың шабуылдары Садриддинді тығырыққа тірей алған жоқ. Ақырында Наваррете 8 раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, қазақ боксшысы кәсіпқой шаршы алаңдағы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Осыншама кездесудің тоғызын мерзімінен бұрын аяқтады.

Сонымен қатар, Ахмедов 7 желтоқсан күні Монреал қаласында өтетін бокс кешінде де рингке шығады. Аталған бокс кешінің басты жекпе-жегі Давид Лемье мен украиналық Максим Бурсак арасында өтпек. Бұл андеркарттағы Ахмедовтың қарсыласы кім болары әзірге белгісіз.