Қанат Исламның жекпе-жегі желіде неге шу тудырды? Спорт сарапшылары бұл туралы не дейді?

WBO International екінші деңгейлі титулын қорғап қалды

Қанат Исламның жекпе-жегі желіде неге шу тудырды? Спорт сарапшылары бұл туралы не дейді?

26 қазан күні Алматыда Қанат Ислам намбиялық Уолтер Каутондоквамен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Алайда көптеген спорт сарапшылары бұл жеңіске күмән келтірерлік пікірлерін әлеуметтік желіде жазып жатыр. Бірінің ойынша – жекпе-жек әділ өтпесе, енді бірі алдымен Қанаттың жан-жағындағы ұйымдастырушылардың қателігі деген пікір айтады. 

Серік Ноян, журналист: 

Кәсіпқой бокстың тек бизнес емес "саяси құрал" екендігін бүгін Қанат Ислам көрсетті! Балуан Шолақта өткізген титулды жекпе-жекте ол жеңілді! Уолтер Каутондоква кем дегенде 6 раундта басым түсті. Қанаттың пайдасында 4 раундтағы басымдық пен нокдаун бар. Бірақ үш төреші жеңісті бірауыздан беретіндей көрсеткіш емес. Қанат - сөзсіз мықты боксшы! Бірақ саясатпен өзін былғап керек емес еді... Алматының әкімі белбеуін табыстаған соң Қытайдың елшісі Қанаттың жанына не үшін шықты? Қытайдың компаниясы бұл бокс кешіне демеуші болса немесе жекпе-жек сол елде өтсе бір сәрі. Боксты ластамаңдаршы өтініш! 

Әли Битөре, спорт журналисі: 

Қанаттың мына боксынан кейін "Канело" жекпе-жек тұрмақ, спарринг жасауға да келісім бермейтін сияқты ғой. Бұл Қанаттың карьерасындағы ең нашар жекпе-жегі болды. Қарсыласы кемі 4-5 раунд жеңіп еді. 5 раундтан кейін Қанат мүлде соққы жасаған жоқ. Тек қашумен, қарсыласын құшақтаумен болды. Ұят жеңіс. 

Болат Жетекбай: 

Тағы бір-екі раунд қосылғанда, Қанат нокаутқа түсер еді. 

Әбдімәлік Дәулетбекұлы: 

#Boxrec намибиялық боксшының жеңілісін тіркемей, жекпе-жек қорытындысы комиссия карауынан кейін шешіледі деп жазыпты. 

Қайрат Әбілда, спорт журналисі: 

Ер Қанатты кінәлаудан аулақпын: қолынан келгенді істеді. Яғни, дәл осы жекпе-жекте оныншы раундқа дейін шыдап, құламады... Мәселе – осы жекпе-жекті ұйымдастырғандарда. Құдай-ау, ең болмаса үш төрешінің бірін көз қылып шет елден неге қоймаған? Жалған намыстың жетегінде кеткен ұйымдастырушылар Қанатты ғана емес, жанкүйер жазғанды да жер қылды. Еліміздің кәсіпқой бокс федерациясы болған жайтқа ресми түрде түсінік беруі керек. «Такой футбол нам не нужен» демекші, мұндай бокс біздің спортымыздың қадірін түсіріп, беделін кемітеді. Керегі жоқ...
Намибиялықтар, тым қатты нетпеңіздерші... 

Бек Төлеу, спорт журналисі: 

Үш судья қазақ. Біреуі баягы Пакьяомен бокстасқан Серікжан Ешмағамбетов. КВН-нің жюрилері сиякты болып кетті. Канело Альварес Қанат тұрмақ Головкин екеуі бірге келсе де ұрып құлатады.  

Рауан Оқас, спорт комментаторы: 

Италиялық және поляк төреші ұшатын ұшақ отмен болыпты. Сондықтан орнын екі қазақ басыпты.
WBO соңғы сәтте жекпе-жекті 12 раундтан он раундқа қысқарта салыпты. Үш жыл бұрын ганалық жігіт жылап кеткен, бүгін намибиялық бауыр ұқпай кетті.

PS: Бойға тегін билет сұрағанмын, ұйымдастырушылар барлық билет сатылымда тұр, өйткені билеттен түскен қаржы түгелдей намибиялыққа беріледі деген еді... Қанатқа дым демеймін, бірақ айналасындағы топтың жұмысы әлсіздеу боп тұр.

Сержан Қасен: 

Төрешілерден айналдым, мынадай төрешілермен мен де шығар едім рингке. 

Руслан Меделбек, спорт журналисі: 

Қанат Ислам мына деңгейімен Канелоның соққыларынан бесінші раундқа жетпей құлайды-ау... Төрешілердің есебімен де келісу қиын. 98:92 емес, 96:94 еді.

Уолтер құлады, иә... Бірақ соңғы үш раунд қарсыласта кетті... Шаршап қалдық. Бұл деңгеймен "өзіміздің Қанат Ислам" сол екінші сортты белдіктерін қорғап жүре бермек.

Ертең белдікті Уолтердің соңынан Намибияға салып жіберейік, ұят болады.