Головкин Камил Шереметамен жекпе-жекке шығатын болды

IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Камил Шереметаға қарсы жекпе-жекке шығуға келісім берді.

Головкин Камил Шереметамен жекпе-жекке шығатын болды
Сурет интернеттен алынды

ESPN журналисі Дэн Рафаэльдің хабарлауынша, екі боксшы жекпе-жек өткізу туралы өзара келісімге келген.

Айқас келесі жылдың ақпан айының аяғында немесе наурызда өтуі мүмкін.

Аталмыш кездесуде GGG өзіне тиесілі IBF титулын қорғайды.