«Жұдырықтасудан қорқады». Қанат Исламның қарсыластары осылай деп мәлімдеді

Күзде қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңген.

«Жұдырықтасудан қорқады». Қанат Исламның қарсыластары осылай деп  мәлімдеді
© instagram.com/islamkanatqazaq

Намибиялық боксшы Уолтер Каутондокваның (18-2, 17 КО) менеджері Нестор Тобиас Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қанат Исламмен (27-0, 21 КО) қарымта жекпе-жек жайлы ойын айтты.
26 қазан Алматыда өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіп, орта салмақта WBO International белбеуін қорғап қалған еді.  
«Қарымта жанкүйерлер үшін үлкен жекпе-жек болады. Егер олар жұдырықтасуға келіссе. Жақсыдан үміттенейік. Ислам қайта жұдырықтасқысы келсе, біз келіссөздерге дайынбыз. Бүгін промоутер Нельсон Лопеспен сөйлестім, ол қарымтадан бас тартты. 

Ислам Уолтермен қайта жұдырықтасудан қорқады, бұған ештеңе жасай алмайсың. Дәл қазір мен Уолтер үшін Намибияда жекпе-жек ұйымдастырамын. Исламның командасынан екінші жекпе-жек туралы ұсыныс келсе, оны өткізу үшін бәрін жасаймыз», – деген Тобиас.