Ресми: Энди Руис пен Энтони Джошуа реванш жекпе-жек өткізетін болды

Руис пен Джошуа реваншы үшін арабиялық инвесторлар 40 миллион доллар бөлген

Ресми: Энди Руис пен Энтони Джошуа реванш жекпе-жек өткізетін болды

WBA (Super), WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақта әлем чемпионы мексикалық Энди Руис пен британиялық Энтони Джошуа қарымта жекпе-жек өткізетін болды.

Кездесу Сауд Арабиясында өтпек.

Джошуамен бірге жұмыс істейтін Matchroom промоутерлік компаниясы мен DAZN стримингтік сервисі алдағы кездесудің анонсын таратқан. Кездесу 7 желтоқсан күні Эд-Дирия қаласында өтеді. Бұған дейін Джошуаның командасы жекпе-жекті Кардиффте өткенін қаласа, мексикалық боксшы тек АҚШ-та жұдырықтасуға ғана мүдделі болған.

Осы жылдың 1 маусымында Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен алғашқы кездесуде Руис сенсациялық жағдайда Джошуаны айқын басымдықпен жеңіп, оның барлық титулдарын тартып алған еді.

Промоутер Эдди Хирннің айтуынша, Руис пен Джошуа реваншы үшін арабиялық инвесторлар 40 миллион доллар бөлген. Келісім бойынша бұл қаражаттың 30 миллионы Джошуға тиесілі болса, Руис небәрі 9 миллион долларға қанағат етпек.

Бірінші кездесу туралы келісімшартта мексикалық боксшының реванш жағдайында алатын қаражат көлемі жазылып қойылған. Бірінші кездесу үшін Руис 6 миллион доллар алған.