ТОП-3 қатарына кіремін деген Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік қарсыласын қалай жеңді? (видео)

26 жастағы Нұрсұлтанов 12 жеңісіне қол жеткізді

ТОП-3 қатарына кіремін деген Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік қарсыласын қалай жеңді? (видео)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Ресейде өткен бокс кешінде ресейлік Артур Осиповты жеңді.

10 раундқа созылған жекпе-жек Ковалев пен Ярд андеркартында өткен болатын. Ресейлік пен британиялық арасындағы айқастың қысқаша видеосын мына жерден көре аласыздар.

Осылайша, 26 жастағы Нұрсұлтанов 12 жеңісіне қол жеткізді. Ол осыған дейінгі кездесулердің ешбірінде жеңіліп көрген емес. Ал 30 жастағы Осипов карьерасындағы екінші жеңілісіне ұшырады. Сондай-ақ ол 15 рет жеңіске жеткен.

Мейірім Ресей жерінде алғаш рет жұдырықтасты. Ол бұған дейін 10 кездесуін АҚШ-та, біреуін Қазақстанда өткізген еді. Нұрсұлтанов енді келесі жекпе-жегінде титулға таласатынын айтты.

«Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Бәрін жақсы атқарып шықтым деп ойлаймын. Соңына қарай Артур қашып жүріп алды. Бірақ бұған да менің тактикам бар еді, соны пайдаландым. 10 раундтың сегізіне көңілім толады, ал соңғы екеуі онша ұнаған жоқ. Бұл менің алғашқы он раундтық кездесуім. Әлі түзететін жерлер бар. Шынымды айтсам, бұл жекпе-жекке тек 75-80 пайыз ғана дайын болдым. Америка мен Мәскеуде жоспар бойынша дайындық жүргіздім.

Қазір IBF рейтингі бойынша ТОП-10 қатарындамын. Жыл соңына дейін континенталдық титул үшін жұдырықтасып, ТОП-3 қатарына кіруге талпынамын» дейді Мейірім.