Данияр Елеусінов өмірі жеңіліп көрмеген америкалықты нокаутқа түсірді (видео)

28 жастағы қазақ боксшысы 8 кездесуде 8 жеңіске қол жеткізді

Данияр Елеусінов өмірі жеңіліп көрмеген америкалықты нокаутқа түсірді (видео)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Нью-Йоркте өткен кездесуде америкалық Решард Хиксті нокаутпен жеңді. 

10 раундқа созылған жекпе-жек Madison Square Garden аренасындағы Hulu Theater кіші залында өтті. Кездесу жартылай орта салмақ лимиті бойынша өткен. Қазақстандық боксшы алдымен қарсыласын нокдаунға түсірді. Одан кейін Елеусіновтың қуатты сериялық соққыларынан Хикс ес жия алған жоқ. Ақырында төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. 

Осылайша, 28 жастағы қазақ боксшысы 8 кездесуде 8 жеңіске қол жеткізді. Оның төртеуін нокаутпен аяқтаған. Ал 34 жастағы Хикс болса карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Ол бұған дейін 12 рет жеңіске жеткен.