DAZN «Канело» - Ковалев жекпе-жегі туралы ресми жариялады (видео)

Канело: Ол менен ірі, бірақ маған осындай мығым боксшылармен жұдырықтасқан ұнайды

DAZN «Канело» - Ковалев жекпе-жегі туралы ресми жариялады (видео)

DAZN стримингтік сервисі орта салмақта WBC (Franchise) және WBA (Super) чемпионы Сауль «Канело» Альварес пен ресейлік Сергей Ковалев арасындағы жекпе-жектің ресми ролигін жариялады. 

Кездесу 2 қараша күні Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтпек. Бұл кездесуде Альварес екі салмақ жоғары көтеріліп, төртінші категорияны бағындыруға талпынбақ. Ал Ковалев өз титулын сақтап қалу үшін жұдырықтасады. 

Еске салсақ, Ковалев соңғы кездесуін 24 тамыз күні британиялық Энтони Ярдқа қарсы өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен. Ал Альварес 5 мамыр күні америкалық Дэниэл Джейкобсты төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

Осы жекпе-жек үшін Сергей Ковалев 12 миллион доллар сыйақы алмақ. Ал Альварес болса ресейліктің аса қауіпті қарсылас екенін мойындапты. 

«Менің карьерамның екінші кезеңі өзіміз ойлағандай өрбіп жатыр. Біз бокс тарихына ену үшін ұлы кездесулер жасауды жалғастырамыз. Сондықтан да мен екі салмақ категориясына жоғары көтеріліп, әлемдегі ең қауіпті боксшылардың бірімен кездеспекпін. Ковалев – қауіпті панчер. Ол менен ірі, бірақ маған осындай мығым боксшылармен жұдырықтасқан ұнайды» депті мексикалық боксшы.