Қанат Исламның титулды жекпе-жегінде тағы кімдер жұдырықтасады

26 қазанда Алматыда өтетін Қанат Исламның титулдық жекпе-жегінде шаршы алаңға тағы кімдер шығатыны мәлім болды.

Қанат Исламның титулды жекпе-жегінде тағы кімдер жұдырықтасады

Бұл туралы «Qazaq promotions» компаниясының Instagram парақшасында жарияланды. Аталған бокс кешінде басты жекпе-жек Қанат Ислам (26-0, 21 КО) мен намибиялық Уолтер Каутондоква (18-1, 17 КО) арасында өтеді. Ал осы бокс кеші аясында тағы Арман Рысбек (6-0, 5 КО), Руслан Мырсатаев (6-0, 6 КО), Асқар Ерубек (1-0, 1 КО), Нұрсұлтан Аманжолов (1-0, 0 КО) пен Бексұлтан Раушановтың (5-1, 3 КО) жекпе-жектері жоспарланған.

Қазақ боксшыларының қарсыластары кім болатыны әзірге белгісіз.

«Жақын арада баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, онда барлық мәліметтер жарияланады»,– делінген Qazaq Promotions хабарламасында.

Тақырып бойынша материалдар