Бетпе-бет кездесуде "Канело" мен Джейкобс төбелесіп қалды (видео)

Кейіннен Альварес оқиғаға орай пікір білдірген

Бетпе-бет кездесуде "Канело" мен Джейкобс төбелесіп қалды (видео)

Орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс жекпе-жек алдында бір-бірімен көз түйістіру рәсімінде төбелесіп қалды.

Екі боксшы да салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтіп, одан кейін бетпе-бет кездескен. Алайда арада бірнеше секунд өткен соң төбелес басталып кетеді.

Кейіннен Альварес оқиғаға орай пікір білдірген. «Ол қорқып тұр. Мен дайынмын. Ертең біз жеңеміз. Ол менің титулдарымды тартып ала алмайды. Бірақ сәл де болса тырысады деп үміттенемін» деді Альварес.

Қос боксшы арасындағы кездесу Астана уақытымен 5 мамыр күні таңертең басталады. Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтетін кездесу – бокс кешінің басты жекпе-жегі болмақ.

Бұл жекпе-жекті қазақстандық Геннадий Головкин де барып тамашалайтын көрінеді. El Universal мәліметінше Головкин «Канелоның» дәл қазір қандай жағдайда екенін өз көзімен көргісі келеді. Бұған дейін Альварестің мәлімдемелеріне қарамастан қыркүйекте екеуінің арасындағы үшінші жекпе-жек өту мүмкіндігі өте жоғары.