Головкиннің кезекті қарсыласы кім?

Геннадий Головкин әлем чемпионымен қолғап түйістіру туралы келіссөздерді бастады.

Головкиннің кезекті қарсыласы кім?
дереккөзден

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер боксшының кезекті әлеуетті қарсыласының есімін атады деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша GGG орта салмақта WBA нұсқасы бойынша «тұрақты» әлем чемпионы атағын иемденген жапон Риота Муратомен кездесуі мүмкін.

«Геннадий орта салмақтағы екі дүркін әлем чемпионы. Енді ол бірінші чемпиондығынан бергі өз серияларын ұзартуға тырысады», - деген Леффлер алдағы уақытта Головкинді ірі шайқастар мен тартыстар күтетінін алға тартты. «Біз жапон боксшысы Риота Муратомен қолғап түйістіру туралы келіссөздер жүргізудеміз. Бұл үлкен халықаралық оқиға болады», - деді промоутері.

Бұған дейін Головкин украин боксшысы Сергей Деревянченкомен 6 қазанда Нью-Йоркте кездесті. Шайқас 12 раундқа созылып, қазақстандық боксшы жеңіске жетті.