Головкиннің кезекті қарсыласы анықталды

IBF және IBO нұсқаларында орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің кезекті қарсыласы айқындалды. Бұл туралы Vesti.kz жазады.

Головкиннің кезекті қарсыласы анықталды
дереккөзден

TheAthletic ақпарына сәйкес ендігі кезекте шаршы алаңда Головкин Камил Шереметамен кездесуі мүмкін. Бұған дейін боксшының промоутері Том Леффлер оны GGG-дің әлеуетті қарсыласы деген еді.

Головкин Шереметаға қарсы өз титулдарын қорғап қалу туралы келісім жасасқаны және IBF-тен шаршы алаңда шайқас өткізуді мақұлдауын күтіп отырғаны хабарланады. Басылымның журналисі Майкл Бенсон өзінің Twitter парақшасында кезекті жұдырық түйісу келер жылы өтуі мүмкін екенін жазды.

Бұған дейін Головкин украин боксшысы Сергей Деревянченкомен 6 қазанда Нью-Йоркте кездесті. Шайқас 12 раундқа созылып, қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Камил Шеремета поляк боксшысы. 1989 жылы Польшада дүниеге келген. Орта салмақтағы екі дүркін Еуропа чемпионы.