«МЮ» 19 жастағы үздік футболшыны сатып алудан бас тартты

Маттейс де Лигтің артық салмаққа ие болуы клуб басшылығын ойлантқан

«МЮ» 19 жастағы үздік футболшыны сатып алудан бас тартты

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубы «Аякстың» капитаны 19 жастағы Маттейс де Лигтің трансферінен бас тартты. Клуб басшылығы оның артық салмағына алаңдаған.

Ойыншыны осы маусым бойы мұқият бақылаған скаут Марсель Боут «МЮ» басшылығына хабарласып, ойыншы туралы ақпарат береді. Дегенмен скаут де Лигтің артық салмаққа ие екенін, уақыт өте келе оның бұл жағдайы футболшының жылдамдығына әсер етуі мүмкін екенін де айтады. Осыдан соң қайта ойланып қалған клуб басшылығы оны сатып алу бәйгесіне қосылудан бас тартқан.

Қазір «қызыл сойқандар» оның орнына жас қорғаушы Харри Магуайрді алуға қызығушылық танытуда. Ал де Лигтке деген еуропалық топ-клубтардың қызығушылығы өте жоғары. Қорғаушыны «Реал», «Барселона» клубтары өз қатарына қосуға ниетті. «Аякстың» бас директоры Эдвин ван дер Сардың өзі капитанның осы маусым біткен соң командада қалмайтынын растаған.

19 жастағы қорғаушы биыл барлық турнирлерде 53 матчқа қатысып, 7 гол соқты. Ол «Аякспен» бірге Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетті. Аталған кезеңде ағылшындық «Тоттенхэмнен» жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.