Роналдудың командасына әйгілі француз маманы бас бапкер болып келмек

Ол былтыр Франция құрамасымен әлем чемпионы атанды

Роналдудың командасына әйгілі француз маманы бас бапкер болып келмек

Футболдан Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам туриндік «Ювентустың» бас бапкері болуы мүмкін.

Франциялық БАҚ деректеріне сүйенсек, қазір туриндік клубтың басшылығы Дешамның кандидатурасын басты үміткер ретінде қарастырып отыр. Дешам бұған дейін де «Ювентусты» баптаған. 2007 жылы құлдыраған италиялық клубты В сериясынан алып шыққан еді. Алайда басшылықпен келісе алмай бір жылдан соң клубтан кеткен еді.

Ол былтыр Франция құрамасымен әлем чемпионы атанды.

«Ювентус» биыл А сериясын сегізінші рет қатарынан жеңіп алғанымен, Чемпиондар лигасында ширек финалдан аса алмады. Жыл сайын еуропалық әйгілі турнирде үлкен серпіліспен ойнағанына қарамастан туриндік клуб қалқан құлақ кубокты иелене алар емес. Сондықтан да басшылық қазіргі бас бапкер Массимилиано Аллегримен қош айтысуға ниетті. Сондай-ақ кандидаттардың бірі ретінде Антонио Конте де қарастырылып отыр.