Қазақстан құрамасының ойыншысы голландиялық клубтың капитаны атанды және енді ол Еуропа лигасында ойнайды

Бұл матчта да Александр Меркель 90 минут бойы ойнады

Қазақстан құрамасының ойыншысы голландиялық клубтың капитаны атанды және енді ол Еуропа лигасында ойнайды

Құрамында футболдан жартылай қорғаушысы Александр Меркель өнер көрсететін голландиялық «Хераклес» командасы Голландия чемпионатының соңғы 33 турында сырт алаңда ПСВ командасымен ойнады.

Бұл матчта да Александр Меркель 90 минут бойы ойнады. Бірінші болып есепті оның командасы ашқан. Алайда бұдан кейін ПСВ үш гол соғып, жеңісті еншілеп кетті. Бұл кездесуде Меркель капитандық белгімен алаңға шықты. Бұл ретте ол қосалқы құрамда қалған қорғаушы Тим Брейкерстің орынын басты.

gettyimages-1144010821-594x594.jpg

83 ұпай жинаған ПСВ ел чемпионатында екінші орыннан аса алмады. Кіл жастардан құралған жалынды команда «Аякс» Голландия чемпионатын жеңіп алды. Ал «Хераклес» 48 ұпай жинап, чемпионатты жетінші орынмен аяқтады.

gettyimages-1144011027-594x594.jpg

Ереже бойынша 5-8 орын аралығындағы командалар плей-офф кезеңінде Еуропа лигасының жалғыз жолдамасына таласады. Жартылай финалда «Витесс» (бесінші орындағы) 25 және 28 мамыр күндері «Гронинген» (8), «Утрехт» (6) және «Хераклеспен» екі реттен ойнайды. 27 жастағы Меркель осы маусымда 32 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас беріп, 7 рет сары қағаз алды. Ол «Хераклеске» былтыр жазда ауысып келген.