Аргентиналық футболшылар Мессимен суретке түсу үшін кезекке тұрды (видео)

Америка кубогы 14 маусым мен 7 шілде аралығында Бразилияда өтеді

Аргентиналық футболшылар Мессимен суретке түсу үшін кезекке тұрды (видео)

«Барселонамен» бірге биылғы маусымды аяқтаған Лионель Месси Аргентина ұлттық құрамасымен Америка кубогына дайындықты бастап кетті.

Ұлттық құраманың жиынына шақырылған жастар құрамасының ойыншылары да баршылық. Олар 31 жастағы әйгілі футболшымен суретке түсу үшін кезекке тұрған. Аталған сәттің видеосын TyC Sports өз твиттерінде жариялады.

Месси өзіне ықылас білдірген жас ойыншылардың ешқайсының көңілін қалдырмай, бәрімен суретке түскен.

Америка кубогы 14 маусым мен 7 шілде аралығында Бразилияда өтеді. Аргентина өз тобында Колумбия, Парагвай, Катар құрамаларымен кездеседі.