Неймардың әкесі ұлының қыз зорлау дауына іліккенін мойындады

15 мамыр күні қыз Sofitel Paris Arc de Triomphe қонақүйінде болған

Неймардың әкесі ұлының қыз зорлау дауына іліккенін мойындады

Бразилия құрамасы мен ПСЖ клубының шабуылшысы Неймар қыз зорлау ісі бойынша күдікке ілінді. Ұлының даулы жағдайға тап болғанын футболшының әкесі де жоққа шығармайды.

31 мамыр күні Санто Амаро ауданындағы полиция бөлімшесіне 27 жастағы футболшының үстінен арыз келіп түскен. Есімі құпия сақталып отырған әйел Неймарды өзіне қарсы сексуалды зорлық жасады деп айыптайды. Оқиға 15 мамыр күні Парижде болған.

Тіпті Неймардың әлгі әйелмен Инстаграм желісі арқылы танысқанын растайтын құжат та бар көрінеді. Олар бір-бірімен сөйлескеннен кейін кездесуге келіскен. Қыз Неймардың Галло деген досы арқылы Парижге саяхаттайтын тиісті қаражат пен құжаттарды алады.

15 мамыр күні қыз Sofitel Paris Arc de Triomphe қонақүйінде болған. Ал жергілікті уақыт бойынша 20:00-де Неймар отелге алкогольді мас күйде келіпті. Қыздың айтуынша, Неймар оның келісімінсіз өзін тым агрессиялы түрде ұстап, зорлық жағдайында жыныстық қатынас жасаған.

Әйел Бразилияға 17 мамыр күні оралады. Қазір полиция жағдайды зерттеп жатыр. Неймардың айналасындағылар ойыншының бұл жағдайдан бейхабар екенін айтып, пікір білдірмеді.

Неймардың әкесінің айтуынша, бұл өте қиын жағдай.

«Егер шындықты ертерек аша алмасақ, онда проблема тереңдей бермек. Егер әйелмен ұлым екеуі жазысқан хабарламаны көрсету керек болса, көрсетеміз. Қатынас екеуара келісім жағдайында болған» дейді әкесі.