Александр Меркель ұлттық құрама жиынына келген жоқ

Ол осыған дейінгі Шотландия мен Ресейге қарсы екі ойынға да қатысты

Александр Меркель ұлттық құрама жиынына келген жоқ

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы, Голландия чемпионатындағы «Хераклес» клубында ойнайтын Александр Меркель Талғардағы ұлттық құраманың жиынына келген жоқ.

Еске салсақ, біздің құрама 8 маусым күні Еуропа чемпионатына іріктеу аясында сырт алаңда Бельгия құрамасымен кездессе, 11 маусым күні Нұр-Сұлтанда Сан-Марино құрамасын қабылдайды.

Бұдан бұрын Меркельдің суық тиіп ауырып қалғаны туралы ақпарат тараған. Дегенмен ойыншы бірден Брюссельге ұшып келіп, маңызды матчқа қатысуы да мүмкін.

Ол осыған дейінгі Шотландия мен Ресейге қарсы екі ойынға да қатысты. Екі матчта да нәтижелі ойын көрсетіп, бір пастың авторы да атанды. Ал Голландия чемпионатында биыл 34 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас шығарған. Осыдан соң «Хераклеспен» келісімшартын тағы бір маусымға ұзартты.