«Ливерпуль» Чемпиондар лигасының финалына құпия дайындықты қалай ұйымдастырған? (фото)

Клопп «Тоттенхэм» стилінде ойнайтын командалар іздестірген

«Ливерпуль» Чемпиондар лигасының финалына құпия дайындықты қалай ұйымдастырған? (фото)

1 маусым күні болған Чемпиондар лигасының финалына дейін «Ливерпуль» дайындықтарын пысықтау үшін португалиялық «Бенфиканың» резервтік құрамымен кездескен.

АПЛ маусымы мен ЧЛ финалы арасындағы үзіліс 21 күнді құрайтындықтан футболшылардың дене дайындығын қалыпты ұстауы өте маңызды проблема еді.

Клопп өзінің ассистенті Пеп Линдерспен бірге жан-жақтан «Тоттенхэм» стилінде ойнайтын командалар іздестірген. Олар Ла Лига мен басқа да испан командаларын мүлде қарастырмаған. «Бенфика» қосалқы құрамының бапкері Ренат Пайваның айтуынша, Клопп пен Линдерс «Бенфиканың» «Тоттенхэмге» ұқсауы үшін оған тактиканы қалай құруы керек екенін түсіндіріп берген.

rue2ded2d548b.jpg

«Біз «Тоттенхэмнің» шабуылдаушы және қорғаныс ойынын енгіздік. Сондай-ақ «Тоттенхэмнің» финалда айып доптарын қалай орындауы мүмкін екенін де болжамдап, стандарттарды ойын барысында солай жасадық».

Қарсыластың стандарттары «Ливерпульге» кәдімгідей проблема тудырды. «Тоттенхэм» 16 соққының алтауын стандарттан жасады. Бірақ мұның бәрі тек екінші таймға тиесілі. 4 соққы ойын аяқталуға 10 минут қалғанда жасалды. Яғни, Клопп қарсыластың айып соққыларына дайындалған және одан қорытынды шығарды. Дегенмен стандарт шамадан тыс көбейгенде проблема да басталды.

«Біз қорғаныста 4-2-3-1 схемасын пайдаландық, ал шабуылшы «Ливерпульдің» жартылай қорғаушыларының арасында болды. Былайша айтқанда Винисиус – Эриксеннің, Бернард – Деле Аллидің, ал Хосе Гомеш – Харри Кейннің «рөлін сомдады» дейді Ренат Пайва.

«Біз қорғаныста ғана емес, шабуылда да 4-2-3-1 схемасын қолдандық. Доп аяққа тиген кезде екі жартылай қорғаушы орталық қорғаушыларға жақындап отырды. Бұл «Ливерпульге» прессинг жасау үшін керек. «Тоттенхэм» де қарсыласын Алиссонның айып алаңына қарай тықсыруға тырысты»

«Ливерпуль» прессинг жасау кезінде Алдервейрелд, Вертонген, Уинкс және Сиссокоға қарсы керемет ойнады. Әдетте жартылай қорғаныс үштігінде Алли сәл жоғары, Эриксен қос қапталға жиі ойысып, Триппьер кеңістік жасауға тырысады. Сон мен Роуз дәл сондай әрекетті басқа жерде жасайды. Біз осы элементтерді ұқсатып ойнадық. Клопп бізге алғыс айтты».

2604313-53984970-2560-1440.jpg

«Ливерпульдің» бұл дайындығы өз жемісін де берді. Финал бастала сала «Тоттенхэм» жөнді ойын көрсеткен жоқ. Почеттино шәкірттері бірінші таймда небәрі 2 рет ғана алыстан соққы жасаған.

«Бенфика» бапкерінің айтуынша, Клопптың көмекшісі Линдерс қарсыластың ойынына қарсы тактика құру, соған сай стиль іздеу жағынан өте талантты тұлға. Тіпті «Аякстың» бас бапкері Эрик тен Хагтың өзі (олар «Утрехте» бірге жұмыс істеген) Линдерстің жаттығу бағдарламаларын пайдаланатын көрінеді.