«Реал» капитаны үйлену тойын жасап, «Барселона» ойыншыларын қонаққа шақырды (фото)

Олардың неке қию рәсімі Севильядағы кафедралды соборда өтті

«Реал» капитаны үйлену тойын жасап, «Барселона» ойыншыларын қонаққа шақырды (фото)

Футболдан Испания құрамасы мен мадридтік «Реалдың» капитаны Серхио Рамос пен сүйіктісі Пилар Рубио үйлену тойын жасады.

Олардың неке қию рәсімі Севильядағы кафедралды соборда өтті.

D9H0-uIW4AIJN69.jpg

Салтанатты шараға «Барселона» футболшылары Серджио Бускетс, Жорди Альба, сондай-ақ Роберто Карлос, Дэвид Бекхэм, Альваро Мората, Санти Касорла және Флорентино Перес те келген.

D9Hbx9jVUAA2Ym_.jpg

D9HjY20XkAA9jgR.jpg

Рамос пен оның сүйіктісі 2012 жылдан бері бірге тұрады. Ерлі-зайыптылар үш ұл тәрбиелеп отыр.