"Астана" Исландия құрамасының футболшысын қатарға қосты

18 маусымда Чемпиондар лигасы бірінші және екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады

"Астана" Исландия құрамасының футболшысын қатарға қосты

Елордалық «Астана» клубы Исландия құрамасының ойыншысы Рунар Мар Сигурьонссонмен келісім жасасты. Астаналық клуб сапына футболшы еркін агент ретінде кірмек.

29 жастағы жартылай қорғаушы соңғы үш маусымды Швейцария чемпионатында өткізіп, «Грассхопперс» және «Сант Галлен» командаларының намысын қорғады. Сондай-ақ ол Швеция, Голландия және Исландия чемпионаттарында да доп тепкен.

Ұлттық құрама сапында ол 22 матч өткізіп, 1 гол соққан. 2016 жылы Еуропа чемпионатына құрама сапында барғанымен, бірде бір кездесуде алаңға шыққан жоқ. Ал осы маусымда «Грассхопперс» қатарында ойнап, 16 кездесуде 5 нәтижелі пасымен көзге түсті.

18 маусымда Чемпиондар лигасы бірінші және екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады. Ал алғашқы кездесулер 9-10 шілде, ал жауапты матчтар 16-17 шілдеде өтеді.