Қазақстан құрамасының футболшысы Бельгияның 12 дүркін чемпион клубына ауысты

22 жастағы қорғаушы жаңа клубымен бір жылдық келісімшартқа қол қойған

Қазақстан құрамасының футболшысы Бельгияның 12 дүркін чемпион клубына ауысты

Футболдан Қазақстан құрамасы мен алматылық «Қайраттың» футболшысы Ян Вороговский бельгиялық «Беерсхот» клубына ауысты.

22 жастағы қорғаушы жаңа клубымен бір жылдық келісімшартқа қол қойған. Келісім тағы бір маусымға созылуы мүмкін. Transfermarkt мәліметінше Вороговскийдің трансферлік құны 900 мың еуро. «Қайратта» жүрген уақытында футболшы үш есеге қымбаттаған (бастапқы құны 250 мың еуро).

203458_a9fcc9bf7892b96562b3e2837a73696a.jpg
Футболшы жаңа клубында жаттығуды бастап кеткен 
Биыл Ян «Қайрат» сапында 12 матчқа қатысқан. Ол клубпен бірге екі рет Қазақстан кубогын, екі рет Суперкубокты жеңіп алған. Ұлттық құрама қатарындағы алғашқы ойынына 2017 жылы маусым айында шығып, қазірге дейін 7 кездесуге қатысқан.

«Беерсхот» Бельгияның 12 дүркін чемпионы және екі рет ел кубогын иеленген беделді клуб. Келер жылы бұл клуб Бельгияның жоғарғы дивизионында ойнайды.

Ресми хабарланғаннан кейін Вороговский Инстаграмдағы парақшасында «Мен Ян Вороговский. Енді мен «Беерсхот» ойыншысымын!» деп жазды.

«Ұлттық құрама ойынына байланысты Бельгия өте жоғары бағаланады. Бельгия чемпионатының да деңгейі жоғары. Еуропада сәтті ойнау үшін «Беерсхот» - мен үшін керемет нұсқа.

Менің бұл клубқа ауысуым қазақ футболының деңгейі бар екенін айқындайды. Елдің үздік клубтары «Астана» мен «Қайрат» - деңгейі жоғары және ресурсы мол ұжымдар. Көптеген қазақстандық футболшылар осы клубтарда ойнағысы келеді. Бірақ мен алға қадам басып шет мемлекетте ойнағым келді» деді Ян алғашқы сұхбатында.