Роналду "Ювентус" сатып алуы тиіс бес ойыншының тізімін атады

Әзірге тізімді Роналдудың отандасы, «Бенфика» шабуылшысы Жоау Фелиш бастап тұр

Роналду "Ювентус" сатып алуы тиіс бес ойыншының тізімін атады

Туриндік «Ювентустің» шабуылшысы Криштиану Роналду алдағы трансферлік кезеңге байланысты клуб басшылығымен сөйлескен. Mirror басылымының хабарлауынша кездесу барысында футболшы келесі маусымда команда құрамын күшейте алатын және Чемпиондар лигасын жеңіп алуға көмектесетін алты ойыншыны ұсынған. Әзірге тізімді Роналдудың отандасы, «Бенфика» шабуылшысы Жоау Фелиш бастап тұр.

Одан кейінгі тізім төмендегідей:

«Реал» қорғаушысы Рафаэль Варан

«Реал»жартылай қорғаушы Иско

«Рома» қорғаушысы Костас Манолас

«Лионның» ойыншысы Тангай Н’Домбеле.

Бұл кандидатуралар туралы португал шабуылшысы бас бапкер Массимилиано Аллегримен де ақылдасқан. Еске салсақ, осыған дейін «Ювентус» Чемпиондар лигасының ширек финалынан әрі аса алмай қалған еді. Есесіне клуб сегізінші рет қатарынан А сериясын жеңіп алып, жанкүйерлерін қуантты.

Абай Қазбекұлы