«Реал Мадридке» Қазақстаннан кім баратыны анықталады

Әлемдегі ең мықты футбол клубына саяхаттап бару – балалар үйіндегі жеткіншектердің жеті жылдан бергі арманы. Енді бұл арман шындыққа айналмақ.

«Реал Мадридке» Қазақстаннан кім баратыны анықталады

Ертең Алматыдағы Орталық стадионда Қазақстанның балалар үйінің тәрбиеленушілер арасында чемпионат өтеді. «Арманға қарай» атты қайырымдылық турнирінде 12 команда чемпион атағын иелену үшін бақ сынасады, – деп хабарлайды BAURZHAN қайырымдылық қоры.

Жеңген команда Испаниядағы «Реал Мадрид» футбол клубы мен әлемге танымал «Сантьяго Барнабео» стадионын көру мүмкіндігіне ие болады.

Жеті жылдан бері өткізіліп келген чемпионатта жеңіске жеткен 64 тәрбиеленуші бүгінге дейін Европаның ең атақты «Барселона», «Милан», «Бавария», «Атлетико Мадрид», «Челси”, «Пари Сен-Жермен» сынды клубтары на саяхаттап барған. Сондай-ақ, жеткіншектер Месси, Робен, Торрес, Неймар сияқты футбол әлемінің жұлдыздарын жақыннан көрген.