Лионель Месси Аргентина чемпионатына ауыспақ

Келісімшарт бойынша ол кез келген маусымнан кейін «Барселонамен» арадағы келісімді бұза алады

Лионель Месси Аргентина чемпионатына ауыспақ

Футболдан Аргентина құрамасы мен «Барселонаның» лидері Лионель Месси каталониялық клубтан кетуі мүмкін.

TNT журналисі Мартин Кастильяның хабарлауынша, 32 жастағы шабуылшы карьерасын Аргентина чемпионатында жалғастыруы мүмкін. Футболшы «Ньюэллс Олд Бойз» клубына ауысады деген ақпарат бар. Аталған команда Аргентина суперлигасының алтыншы сатысында келе жатыр.

Ол сондай-ақ солтүстік америкалық жоғары футбол лигасына (MLS) ауысуы мүмкін деген де ақпарат бар. Футболшы карьерасындағы мұндай өзгерісті 2021 жылғы маусымнан кейін жасауы мүмкін. 
Еске салсақ, ойыншы «Барселонамен» бірге 10 рет Испания чемпионатын, 4 рет Чемпиондар лигасын жеңіп алған.

Келісімшарт бойынша ол кез келген маусымнан кейін «Барселонамен» арадағы келісімді бұза алады.