Златанға арнап ерекше ескерткіш орнатылмақ

Футболшы ұлттық құрама сапында 62 гол соққан

Златанға арнап ерекше ескерткіш орнатылмақ

Әйгілі футболшы, қазір «Лос-Анджелес Гэлакси» клубының намысын қорғайтын швециялық ойыншы Златан Ибрагимовичтің құрметіне өз елінде ескерткіш соғылмақ.

Мұндай бастаманы Швеция футбол федерациясы көтерген. Қола мүсіннің биіктігі 2,7 метр болса, салмағы 500 келіге жеткен. Ескерткіш футболшының туған қаласы Мальмеде орнатылмақ. Салтанатты ашылу рәсімі 8 қазанға жоспарланған.

Ескерткіш «Мальменің» жаңа стадионы мен ескі алаңқай аралығына қойылмақ. Дәл сол жерде әйгілі футболшы карьерасын бастаған. Швеция футбол федерациясы бас хатшысы Хокан Шестрандтың айтуынша, Златанның Швеция және әлем футболына сіңірген еңбегіне осындай ескерткішпен қошемет көрсетілмек.
Футболшы ұлттық құрама сапында 62 гол соққан. Сондай-ақ әртүрлі еуропалық клубтар сапында жүріп 400-ден астам голды еншісіне жазған.