«Реал» Эден Азарды «Челсиге» қайтарып бермек

Мадридтік клуб Франция құрамасының жартылай қорғаушысына қызығып отыр

«Реал» Эден Азарды «Челсиге» қайтарып бермек

Мадридтік «Реал» осы жазда клуб қатарына қосылған бельгиялық футболшы Эден Азарды «Челсиге» қайтару жолдарын қарастыруда.

AS басылымы тілшілерінің мәліметінше, «Реал» Азарды қайтаруға қатысты келіссөздерді қазірден жүргізуге дайын. Олар «Челсимен» бұл мәселе бойынша ортақ мәмілеге келіп, олардан Н’Голо Кантені алуға ниетті. Мадридтік клуб Франция құрамасының жартылай қорғаушысына осыған дейін де қызығушылық танытқан. Бірақ нақты ұсыныс жасамаған еді.

Әлбетте, Азарды қайтып алу туралы ұсынысқа «Челси» келісе қоймайды. Ал «Реал» президенті Флорентино Перес жартылай қорғаушының ойынына көңілі толмайтынын байқатқан.

Еске салсақ, 2 қазан күні Чемпиондар лигасы топтық кезеңі аясында «Реал» өз алаңында бельгиялық «Брюггені» қабылдап 2:2 есебімен тең түсті.