«Халық барысы» турнирінің жүлде қоры – 20 миллион теңге

«Халық  барысы» турнирінің жүлде қоры – 20 миллион теңге
Фото: Интернеттен алынды
26 мамыр күні Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде белдесуден ІІ «Халық Барысы» республикалық турнирі өтеді. Халық арасынан шыққан қарапайым қатысушылар 20 000 000 жүлде қорының иегерлері атанады. 

Бұл туралы «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Турнир Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ күресі федерациясы және «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Қазақстанның барлық өңірінен 1000-ға жуық балуан келеді деп күтіліп отыр.