"Жанкүйерлер тұғырдан баяғы Ильяны көре қоймас... "

Карьерамды әрі қарай жалғастыру үлкен қателік болмақ...

"Жанкүйерлер тұғырдан баяғы Ильяны көре қоймас... "

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин өзінің алдағы мақсаты мен спорттық карьерасы жайлы ой бөлісті.

Бұл туралы ол отандық спорт сайтына берген сұхбатында айтқан.

«Маған дәрігерлердің бірі «Илья, тыңда. Сенің өмірің әлі алда. Мүмкін карьераңды аяқтарсың? Өйткені омыртқа жарығы ойнайтын ауру емес» деді. Алайда мен әлі де ойланып көретінімді айттым. Сөйтіп, тәжірибелі түркиялық дәрігерге қаралдым. Мен оған 2007 жылдан бері қаралатынмын. Ол егер бәрін мұқият орындап, бәрін басынан бастайтын болсам спортпен айналысуға мүмкіндігім бар екенін айтты. Осылайша, жұмыс басталды. Әрине, мұндай жағдайда бірден әлемдік рекордтарға бара алмайсың».

«Қазір Антон есімді жас бапкермен жаттығып жатырмын. Ұжымым ұнайды. Өзіме ұнайтын сүйікті ісіме қайта оралдым. Дегенмен қазір бізге қандай жаттығу жүйесін ұстанатынымызды әлде де анықтау керек».

«Бұрынғы бапкерім Ержас Болтаевпен Қытайдағы Азия чемпионатында жолығып қалдық. Қарым-қатынасымыз жақсы. Жиі хабарласпаймыз, жазыспаймыз, бірақ көрген жерде құрметіміз түзу. Ол өте білікті бапкер. Мен оған кенеттен хабарласып көмек сұрар болсам оның ешқашан «жоқ» демейтінін білемін. Мен де солай».

«Жанкүйерлер баяғы Ильяны тұғырдан көре қоймас... Уақыт өз дегенін істейді. Бірақ әлем чемпионатындағы нәтиже әлдеқайда жақсы болмақ. Егер бәрі дұрыс болса Токио олимпиадасында да жеңіс болады. Әлем рекордтары болмайды... Шынымды айтсам, жұлқа көтеруде әлем рекордын жаңартуды қалаймын. «Жұлқадағы» ең биік нәтиже 230 келі». Сірә, Токио менің соңғы жарысым шығар. Әрі қарай қалай болатынын көрерміз. Атқаратын шаруа көп. Оқу керек, жұмысқа тұру керек. Мүмкін менеджер ретінде. Әзірге бұл сауал ашық күйінде қала берсін. Бірақ карьерамды аяқтайтыным 80 пайызға анық. Егер мансабымды әрі қарай жалғастыра берер болсам, бұл сөзсіз қателік болар еді».