Токио олимпиадасына тура бір жыл қалды

Газет мақаласы "Айқын" газеті №114

Төрт жылда бір айналып соғатын Олимпиада ойындарына да бір жыл қалды. Спортшылар мен жанкүйерлер асыға күтетін Олимпиада келер жылы Жапония астанасы Токиода жалауын желбіретпек.

Токио олимпиадасына тура бір жыл қалды

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті Токиодағы Олимпиада басталамын дегенше 366 күндік кері санау басталатынын жария етті.

Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ресми талисманы Жапониядағы мектеп оқушыларының дауыс беруінен кейін таңдап алынған. Ол жапониялық mirai (болашақ) және towa (мәңгілік) сөздерінен құралған Miraitowa (Мирайтова) деген атау алған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, талисманның есімі «бүкіл әлемдегі адамдардың жүрегіне мәңгілік үміт ұялататын болашаққа қызмет ету» деген мағынаға саяды.

Ал Паралимпиаданың талисманына Someity (Сомайти) деген ат берілген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сөз – әйгілі сакураның танымал спортының атауынан алған және ол ағылшынның so mighty (құдіретті) деген тіркесімен де үйлесіп тұр. Токиодағы Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтеді. Ал Паралимпиада ойындары 25 тамыз бен 6 қыркүйек аралығына жоспарланған.