Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медаль түсті

Нұр-Сұлтан қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Нұрғожа Қайпанов «күміс» алды.

Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медаль түсті
© фото kazinform

70 келі салмақта белдескен Нұрғожа Қайпанов финалда ресейлік қарсыласы Давид Баевтен жол беріп, күміс жүлдегер атанды. Ол ресей балуанынан 2:12 есебімен ұтылып қалды.

Осылайша, еркін күрестен Қазақстан қоржынына екінші күміс медаль түсті. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін еркін күрес шеберлерінен 65 келі салмақта Дәулет Ниязбеков финалда ресейлік балуанға жол беріп күміс жүлдені қанағат тұтқан болатын.

Сондай-ақ, еркін күрестен тағы бір балуанымыз Нұрислам Санаев қола жүлдегер болды.