Спорт алаңын сыйлады

Газет мақаласы "Айқын" газеті №158

Алматыдағы №126 маман­дан­­дырылған лицейде жаңа ми­ни-футбол мен бас­­кет­бол алаңдарының ашы­лу сал­та­наты өтті. Спорт ке­­шені «Қа­зақ­стан – 2050» стра­­тегиясын қол­дау қо­ғам­дық қорының қа­ра­­жа­ты­на жү­зеге асты. Қо­­ғам­­дық қор соң­ғы жыл­­да­ры әлеу­меттік жоба­лар­ға тұ­рақ­ты көмектесіп ке­ле­ді.

Спорт алаңын сыйлады

– Бүгін мектеп оқушылары үшін үлкен қуаныш. Өйткені Ал­ма­ты қалалық мәслихатының депу­­таты Ерболат Қасымов бала­ларға спорт алаңдарын сыйлады. Депутат Ерболат Болатұлы 2017-2018 оқу жылында аудандағы №12 сайлау округіне қарасты мектептер арасында ҰБТ қорытындысы бойынша жарыс ұйымдастырды. Ол 1-орын алған мектепке спорт алаңын салып беруге уәде етіп, екінші және үшінші орын алған­дар­ға ақшалай және заттай сый­лық­тар тағайындаған болатын. Бұл шара Nur Otan партиясының ау­дандық бөлімшесімен бірге ұйым­дастырылды. Нәтижесінде, біз­дің мектебіміздің түлектері ҰБТ қорытындысы бойынша, орта­ша 116,8 ұпай жинап, спорт кешені сертификатын жеңіп алды. Міне, сол уақыттан бері құрылыс жұ­мыстары жүргізіліп, бүгін сал­та­­натты ашылу рәсімі жасалып жатыр. Әуезов ауданындағы №12 сайлау округіне қарасты мек­теп­­тер арасында мини-фут­­бол­дан және баскетболдан жарыс­тар ұйымдастырылды. Жарысқа алты мектептен 12 команда қаты­сып отыр, – дейді №126 маман­дан­­дырылған лицей директоры Мырзахан Төлендиев.

«Туған жерге туың тік» де­мек­ші, игі шараның басы-қасын­да жүрген аза­маттарға оқу­шылар мен ата-ана­лар алғы­сын білдіріп жатты.

– Былтыр сайлау өткенде мек­­­теп­терді аралағанбыз. Сол кез­­де оқу орнының басшылары спо­рт кешені жоқ екенін айтып, кө­мек­тесуімізді өтінген болатын. Округ­те алты мектеп бар. Бәріне бір­ден көмектесуге қаражат көбі­рек кетеді. Сондықтан мектеп ди­рек­торларымен ақылдаса келе, ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған мек­тепке спорт кешенін салып беруге уәде бергенмін. Осы шарт бойынша №126 мектеп түлектері өздері білім нәрімен сусындаған оқу ордасына, өздерінен кейін өсіп келе жатқан іні-қарындастарына осындай керемет сый жасады. Бұл спорт кешеніне 24 миллион теңге жұмсалды, – дейді Алматы қала­сы мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүше­сі, кә­сіпкер Ерболат Қасымов.

Ол сонымен қатар бұл бірінші жоба емес, бұдан бұ­­рын да осындай екі жобаны іске асыр­ған­ын айтты.

– Бостандық ауда­нын­­да Бай­­­сейітова атындағы му­зы­­ка мек­­те­біне және өзім білім ал­ған Алматы облысы Қаскелең қала­­­сындағы мектепке де дәл осын­­дай спорт кешендерін сыйға тарт­­тық. Бұл күні балаларымыз гад­жет­­пен отырмай, олардың спорт­пен айналысуына жағдай жа­сауы­мыз керегі айтылды. Алдағы уа­қыт­та ай сайын түрлі спорттық шаралар ұйым­дастырсақ деген жос­пар бар. Осындай бала­лар­дан ал­дағы уа­қыт­т­а Әлем, Олим­­­пиа­да чемпиондары шық­па­сы­на кім кепіл, – дейді кәсіпкер.

Жаңа спорт кешені келешекте командалық жарыстарды тұрақты өткізіп тұруға үлкен мүмкіндік ту­­­­­­ды­­­рып отыр. Салтанатты рә­сі­м­­­­­­нен кейін алты команда ара­­­­­­­сын­­да спорттық жарыстар ұйым­­­­­дас­тырылды. Мини-футбол ойы­­­­­­­­­­­­­ны­­ның қорытындысы бо­йын­ша, І орын – №126 маман­дан­­ды­рыл­­­­ған лицейге, ІІ орын – №42 жал­­­пы білім беретін мек­тепке, ал ІІІ орын №132 гимна­зия оқу­шы­ла­­рына бұйыр­ды. Жүлде­гер­лер­ге сый-құр­мет көрсетілді.

 

Алматы қаласы