Жалғас Жұмағұлов МакГрегорды “маймыл» деп атап, оның Қазақстанға келуіне қарсы болды

Ол алдағы уақытта UFC аясында өнер көрсетуді де армандайды

Жалғас Жұмағұлов МакГрегорды “маймыл» деп атап, оның Қазақстанға келуіне қарсы болды

Жақында ғана Fight Night Global турнирінде жеңіл салмақта чемпион атанған қазақстандық Жалғас Жұмағұлов соңғы өткізген жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. 

«Мен бұл жекпе-жекке жақсы дайындалдым. Мүлде уайымдаған жоқпын. Түсінбейтіндер көп әңгіме айтып жатыр. Бірақ ол маған не істей алды? Жәй ғана ұстап тұруға тырысты. Ол тұрған күйінде жақсы төбелеседі. Дегенмен мен жеңудің жолын таптым. Спорттық бабымда болдым. Кездесу алдында ыстығым көтеріліп, аздап мазасызданғам. Бірақ жекпе-жекке қайралып, жақсы көңіл-күйде шықтым» дейді ол. 

Спортшы сондай-ақ бұрынғы UFC чемпионы Конор МакГрегордың Қазақстанға келуіне қатысты да ойын айтқан. 

«МакГрегор – маймыл ғой. Айтып жатқаны кілең бос сөздер. Оның өмір сүру салты маған ұнамайды. Оның Қазақстанға келуін қаламаймын. Егер келетін болса онда адамдардың оны көруге бармауына үндеймін. Ол тек лас нәрсені үйретеді» дейді ол. 

Жалғас алдағы уақытта UFC аясында өнер көрсетуді де армандайды. 

«Әрине, ол жерде төбелесу арманым, бірақ дәл қазір дайын емеспін. Егер олармен келісімшартқа отыратын болсам, онда бір айдан соң жекпе-жекке шығуға тура келеді. Қалыпқа келіп үлгеруім керек. Отбасы мен достарға да көңіл бөлу керек. Жарақаттан айығу да біраз уақыт алады» деді Жалғас Жұмағұлов.