Путин Нурмагомедовке қарсыластарыңды сыйла деп ақыл айтты (видео)

Ресей президенті Владимир Путин жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен жүздесті.

Путин Нурмагомедовке қарсыластарыңды сыйла деп ақыл айтты (видео)
Фото: РФ президентінің баспасөз қызметінен алынды

Видео: РФ президентінің баспасөз қызметінен алынды

«Спутник Қазақстанның» жазуынша, кездесуге файтердің әкесі әрі бапкері Абдулманал Нурмагомедов те бірге барды. Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жүздесуде спортшыны жеңісімен құттықтаған.

«Жеңісіңмен құттықтаймын. Әкеңді осындай ұл өсіріп, мықты спортшы етіп тәрбиелегені үшін құттықтағым келеді», — деді Путин.

Хабиб Нурмагомедовтің әкесі спортшының кішкентайында «бұзық болғанын, бірақ кейін өзгергенін» айтты.

Владимир Путин спортшының аралас жекпе-жек шебері Макгрегорды жеңгеннен кейін төбелес шығарғанына қатысты пікір айтты.

«Әлбетте, бұл – коммерциялық спорт, дегенмен спорттың аты спорт. Сондықтан мұнда да қағазға жазылған ғана емес, жалпы спорттық моральдық ережелердің сақталғаны жөн деп санаймын, — деді Владимир Путин. 

— Ақшадан гөрі, жарнамадан гөрі спорттың шын идеалы басты орында болса деген үміттемін. Әрине, мұны бірінші кезекте қарсыласыңның командасына қатысты айтамын. Дұрыс қарым-қатынасқа, достыққа, спорттық сыйластыққа жол таба білген жөн (…). Өз қарсыластарыңмен бәсекелес болсаң да, жақсы адами қарым-қатынас жасайтын боласың», - деді Путин.