Таразда «Temiradam» иегері анықталды

Еліміздің ең көне шаһарларының бірі Таразда «TEMIRADAM» Кубогінің ІІ кезеңіндегі қатысушылар «спринтерлік» қашықтықты сынап көрді.

Таразда «Temiradam» иегері анықталды

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ташкент қалаларынан, сонымен қатар Алматы, Қарағанды, Павлодар және Жамбыл облыстарынан келген 25 Age Group санатындағы спортшылар мен 1 эстафеталық команда «TEMIRADAM» Кубогі аясында рейтингтік ұпайларды ойнатты. 

Бұл доданың өз ерекшеліктері болды: биылғы маусымдағы «триатлоннан» болған алғаш сайыс және онда тек қана ерлер сынға түсті.

Алматылық Максим Мазур мен ташкенттік Андрей Шарипов арасында бұл кезеңнің абсолютті жеңімпазы атағы үшін болған талас ерекше болды. Егер жүзу және вело кезеңдерде М.Мазур көш бастаса, жүгіру кезеңінде А. Шарипов есе жібермеді. 1 сағат 3 минут 38 секунд нәтижесімен Андрей Шарипов абсолютті жеңімпаз атанды. Сайыс күнінің екінші нәтижесі Максим Мазурға тиесілі болды – 1 сағат 5 минут 20 секунд. Абсолюттік есептегі үшінші нәтижені Максим Мжельский (Алматы) көрсетті – 1 сағат 9 минут 28 секунд. Сынға түскен жалғыз эстафеталық «TARAZ» командасы 1 сағат 27 минут 12 секунд уақыт көретті. Аталған спортшылардың әрқайсысы өз жас топтарында жүлделі бірінші орындарға ие болғанын атап өткен жөн.

 Сайыс нәтижелерімен www.triathlon.org.kz сайтынан таныса аласыздар.