Заринаға сәттілік серік болмады

Газет мақаласы Айқын газеті №73

Зарина Дияс Жапонияның Фукуока қаласында өткен халықаралық ITF турнирінің финалында жеңіліс тапты.

Заринаға сәттілік  серік болмады

Қазақстандық теннисші ақтық сында ұлыбрита­ниялық Хизер Уотсонға есе жіберген. Екі сетке созылған кездесу 7:6 (7:1), 7:6(7:4) есебімен қарсылас пайдасына шешілген. Fukuoka International Women's Tennis турнирі ITF санатындағы жарыстар тізбегіне енеді. Жарыстың жүлде қоры биыл 60 мың АҚШ долларын құрап отыр.

Әлемнің 98-ракеткасы атанған Зарина Дияс бірінші айна­лымда алдымен австралиялық Элисон Байды жеңсе, одан кейін корт иелері Ману Аюкава мен Рису Озакадан басым түскен бола­тын. Ал жартылай финалда канадалық Ребекка Мариноны жарыс жолынан шығарып тастады. Бірақ финалда әйгілі ағылшын теннисшісі Хезер Уотсонға қарсы тұра алмады. Бұл 26 жастағы ағылшын қызымен Зарина бұған дейін екі рет кездескен. 2010 жылы Чарльстонда өткен WTA турнирінде Уотсон жеңіске жетсе (7:5, 2:6, 6:1), 2018 жылғы Бейжіңде өткен аталған турнирде Зарина басым түскен (6:0, 6:3). Сондай-ақ бұл екі спортшы биыл II Федерация кубогы әлемдік тобының плей-офф кезеңінде Ұлыбритания – Қазақстан матчына да қатысқан болатын. Кездесу Лондондағы Copper Box Arena кортында өткен.