Спортты серік еткен ақын

Газет мақаласы Айқын газеті №77

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде халқымыз­дың зиялы тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қа­зақстан­ның Еңбек Ері Олжас Сүлейме­нов­тің шығарма­шылығы мен өмір жолына арналған  «Олжас – әлем адамы» атты арнайы іс-шара ұйымдас­тырылды.

Спортты серік еткен ақын

Негізінен, ауыл балалары оқитын университетте тәрбие жұмысының тиімділігін арт­тыру мақсатында 2004 жылдан бері «Олжас Сүлей­менов атын­дағы Әлеуметтік-гума­нитар­лық білім беру және тәрбие инс­титуты» жұ­мыс істейді. Қай­рат­кер тұлға осында оқи­тын ауылдан шыққан сту­дент­тер­мен жиі кездесіп, әр­түр­лі мәдени-көпшілік, спорт­тық шараға қатысып тұрады.

Биыл да Олжас Омарұлы ту­ған күні қарсаңында өзінің аты­мен ата­латын институтқа келіп, универси­тет­тегі әр ұлт­тың жас­та­рынан құрал­ған сту­денттік «Дос­тық» ассамблеясы мүше­ле­рі­мен кездесіп, руха­ният та­қы­­ры­бында әңгіме өрбітіп, пікір ал­мас­ты. Өнерлі жастар Олжас ақын­­­ның өлең­дерін әр ұлттың тілін­де оқып, шығармаларынан ком­пози­ция­лық көріністер ұсынып, батасын алды.

Университеттің спорт ке­ше­нінде өткен турнирдің салта­нат­ты ашылу рәсімінде «Ол­жас жә­не оның командасы» атты де­ректі фото, құжат­тарға негіз­дел­ген арнайы альбом-кітаптың та­ныс­тырылымы бол­ды. Бұл кітапта 13-рет өт­кі­зі­ліп отырған ардагер волей­бол­шылар тур­нирінің осы уақытқа дейін жет­кен жетістігі мен әр кез­дердегі жарыс­тың сәттері бей­не­ленген.

Шығармашылық кездесу­ден кейін Спорт кешенінде дәстүрлі «Олжас Сүлейменов жүлдесі» үшін волейболдан ардагер ко­ман­далар арасында ХIII халық­аралық турнир өтті. Турнирді ұйымдастырушы – университет ректоры, ака­демик Тілектес Есполов.

Биылғы турнирге «Таш­кент» (Өзбекстан), «Спартак» (Қыр­ғыз­стан), «Ардагер» (Түр­кіс­тан облы­сы), «Ардагер» (Жам­был облысы), «Номад» (Нұр-Сұлтан қ.), «Жетісу» (Талды­қорған қ.), «Байқоңыр-Қызылорда» (Қа­зақстан – Ре­сей), Еуразия техно­логия уни­вер­ситеті мен Қазақ ұлттық аграр­лық универ­си­теті­нің ар­да­гер волейболшылар коман­да­лары қатысты.

Үш күн бойы тартысты өт­кен турнирдің нәтижесі бойын­ша 4-орын Түркістан облысы­нан келген «Ардагер» ко­ман­да­сы­на бұйырды. Жүл­делі 3-орын­ды қыр­ғызстандық «Спар­так» иеле­нсе, 2-орынға Тараз қала­сынан келген «Ар­да­гер» коман­дасы лайық деп та­нылды. Тур­нирдің бірінші орын жүлдесі мен жеңім­паз кубо­­гын Қазақ ұлттық аграр­лық уни­верси­тетінің ко­мандасы алды.

 

Нұржан ДУМАНҚЫЗЫ